Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеке куәлікті қандай жағдайда ауыстыруға болады

Жеке куәлік пен паспортты ресімдеу кезінде нені білу қажет. Алдымен Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Жеке басты куәландыратын құжаттарға жеке бас куәлігі мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты жатады.

Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты азаматтарға олардың жасына қарамастан өз қалаулары бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде иесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Төлқұжат 10 жыл мерзімге беріледі. Төлқұжаттың қолданылу мерзімін өкілетті орган тағы бір жылға ұзарта алады, деп жазады egov.kz.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Қазақстан Республикасы аумағында ұдайы тұратын барлық  азаматтардың жеке бас куәлігі болуы тиіс.   Жеке бас куәлігі 10 жылға беріледі.

Жеке куәлік немесе төлқұжат алу үшін сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару қажет.

16 жасқа толғаннан кейін бірден барлық қажетті құжаттарды тапсыру ұсынылады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен немесе тұрғылықты жерінде тіркеусіз 10 күннен 3 айға дейінгі мерзімде тұруса – ескерту жасалады, аталмыш мерзімнің аяқталуы бойынша азамат Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 492-бабының 2-тармағы бойынша 5 АЕК  мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкішілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде жасалған осы сияқты бұзушылық үшін 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынады.

Азамат жеке куәлікті ресімдеу үшін тек 16 жас мерзімге толуы бойынша ғана жүгіне алады, осы уақытқа дейін оған құжат берілмейді.

Егер азамат 18 жасқа толғанда жеке куәлікті алуға бірінші рет жүгінсе,  одан сондай-ақ 5 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл алынады және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ  ол құжаттардың келесі тізімін ұсынуға міндеттенеді:

  • жеке басты куәландыратын құжатты уақытылы алмау себептерін көрсетумен ерікті нысандағы өтініш;
  • тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орындарын көрсетумен толық өмірбаян;
  • мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
  • туу туралы куәлік;
  • әскерге шақырушыларды тіркеу куәлігі немесе әскери міндеттілерге арналған әскери билет (немесе әскери есеп турады мәліметтерді растайтын құжат);
  • ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжат.

16 жасқа толуы бойынша жеке куәлік алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • мекенжай анықтамасы;
  • баланың тууы туралы куәлік;
  • ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
  • 0,2 АЕК мөлшеріндегі жеке куәлік үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы түбіртек;
  • паспорт (бар болса).

16 жасқа дейінгі балаларға паспорт ресімдеуге арналған құжаттар тізбесі:

  • туу туралы куәлік  (көшірме және түпнұсқа салыстыру үшін);
  • ата-анасының бірінің жеке куәлігі (көшірме және салыстыру үшін түпнұсқа);
  • мекенжай анықтамасы немесе тұрақты мекенжайды растайтын азаматтарды тіркеу кітабы (көшірме және салыстыру үшін түпнұсқа);
  • 4 АЕК мөлшеріндегі паспорт үшін мемлекеттік баж алымын төлеу туралы түбіртек.

Құжаттарды ресімдеуде баланың болуы міндетті.

Паспортты оның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін ауыстыру қажет болатын жағдайды қарастырайық. Бұл азаматтың шетелге ұзақ кезеңге шығуына және оның паспортының мерзімі шетелде болғанда аяқталуына байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда ол оны сапары аяқталғанға дейін ауыстыруы тиіс. Құжатты кез келген уақытта оның жарамдылық мерзіміне қарамастан ауыстыруға болады.

Фотосурет және мекенжай анықтамасын  барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін бірден «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жасауға болады.

Мерзімі өткен паспорт үшін жауапкершілік белгіленген бе?

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтардың қалауы бойынша жасына қарамастан беріледі. Осылайша, мерзімі өткен паспортты ауыстыру керек пе, жоқ па азаматтың өзі шешеді. Әкімшілік заң шығарушы мерзімі өткен паспорт үшін жауапкершілік көздемеген.

Атын, әкесінің атын және тегін өзгерту үшін не қажет?

Тегін ауыстыру себебі әр түрлі факторлар болуы мүмкін: неке немесе ажырасу, тарихи тегін қалпына келтіру, тегін неғұрлым жақсы естілетінге ауыстыру және т.б. Тегін ауыстыру үшін себептерге қарамастан сіз белгілі бір әрекеттер жасауыңыз тиіс. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ немесе әділет органдарына қандай құжаттар ұсыну қажет? Әр жағдайды жекелеп қарастырайық.

Құжаттар жайында толығырақ

Неке қиюға немесе некені бұзуға байланысты тегін өзгерту жағдайында жеке бас куәлігін және төлқұжат алуға қажетті құжаттар:

  • тұрақты тіркеуді растайтын азаматтарды тіркеу кітабы, немесе  (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);
  • неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);
  • ауыстырылуға тиісті жеке бас куәлігі, төлқұжат (түпнұсқа және көшірме);
  • 3,5х4,5 мөлшерлі 3 фотосурет;
  •  жеке бас куәлігі үшін – 0,2 АЕК , төлқұжат  үшін 4 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығы төленгені жайындағы түбіртек.

Егер сіз Астана және Алматы қалаларында тұрсаңыз немесе жұмыс істесеңіз онда тіркеу орнына (аймаққа) қарамастан осы қалалардағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өз құжаттарыңызды ауыстырып, қалпына келтіре аласыз.

Қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сай ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атының жазылуы өзгерген жағдайда (-ов, -ев,- ин және т.б. жалғауларсыз, әкесінің атына ұлы, қызы сөздерін қосу арқылы) азаматтың жеке бас куәлігін және төлқұжат алуына қажетті құжаттар:

  • тұрақты тіркеуді растайтын азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжай анықтамасы (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);
  • мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қалаулы тегі, әкесінің аты көрсетіліп, ауыстырылуға тиісті құжаттар жайлы мәліметтер баяндалған жазбаша өтініш;
  • ауыстырылуға тиісті жеке бас куәлігі, төлқұжат (түпнұсқа және көшірме);
  • туу туралы куәлік жеке басты куәландыратын құжат алғаш рет алынған  кезде көрсетіледі.
  • 3,5х4,5 мөлшерлі 3 фотосурет;
  • жеке бас куәлігі үшін – 0,2 АЕК, төлқұжат  үшін 4 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығы төленгені жайындағы түбіртек;

Қазақстан Республиксының азаматтығын алған жағдайда белгіленген үлгідегі Қазақстан Республикасы азаматтығын алғаны туралы анықтама тапсыру.

  • Азаматтыққа тиістілікті тексеру және растау

 Егер жеке куәлік алуға бірінші рет жүгінген адам 18 жасқа толса, онда оған қатысты құжаттарды ресімдеу туралы шешім тек тұлғаны тексергеннен кейін ғана қабылданады. Құжаттандыру және халықты тіркеудің уәкілетті қызметкері тексеруі барысында жақын туысқандарын (бір немесе одан да көп) кемінде үшеуін қатыстырумен, мүмкіндігінше оған ұқсас басқа адамдардың фотосуреттерімен біруақытта қойылатын оның фотосуреті бойынша азаматтың жеке тұлғасын тану хаттамасы құрастырылады, олар болмаған жағдайда  – азаматты кем дегенде бес жыл білетін адамдарды қатыстырумен құрастырылады (кемінде екі адам).

Жеке куәлікті кез келген жағдайда ауыстыра алмайсыз. Ол үшін жоқ дегенде нақты бір себеп болуы шарт. Заңда көрсетілген он үш себепті  бұған дейін назарларыңызға ұсынған болатынбыз.

 

Талқылау