Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды

Жазушы Дидар Амантай әнші Гүлбаршын Тергеубековамен “ажырасуына” қатысты бар шындықты жайып салды. Ол Тергеубекованың ар-намысын сақтап қалу үшін онымен жалған некеде болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда Тергеубекованың оған және отбасына қысым көрсетіп жатқанын ашық айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Енді тілшілер менің жарым Гүлмирадан сұрасын. Ол сіздерге бар шындықты айтып береді. 2017 жылдың 24 наурызындағы жалған неке, баланың тағдыры, Гүлбаршын ойлап тапқан аңыз, отбасылық өмір жайлы айтып береді. Ол Алматыда тұрғанда мен Астана мен Семейде болдым. Меніңше, ол отбасылық өмір үшін жаратылған адам емес. Біздің ешқашан отбасымыз болған емес, бірақ оған табыс пен сәттілік тілеймін. Бірақ шынын айтқанда оның бұрынғы табыстары менің қалтамды қақты.

Онымен жалған некеге тұрып, оның ары мен абыройын сақтап қалдым. Мен жайлы жалған ақпарат таратып, маған қарсы пікір туғызбаса, ешқашан аузымды ашпас едім. Ол құпиямызды ашып қана қоймай, маған және отбасыма қоқан-лоққы көрсетіп жатыр”, – деп жазды Дидар Амантай Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, күні кеше “Бақытты әйел” бағдарламасына сұхбат берген Гүлбаршын Тергеубекова қызғаныштың кесірінен Дидар Амантаймен ажырасып кеткенін айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Әлемдік турне: Майғазиев Америкада концерт беріп, Меккеге қажылыққа аттанбақ

Дастан Оразбеков отбасымен бірге ауруханаға түсіп қалды

Тамара Асар арбада отырған әйелмен дуэт айтып, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Меруерт Түсіпбаева енді Баянның құрбысы Динара Сәтжанға шүйлікті

Талқылау