Жазира Байырбекова күйеуін "жәннатым" дейтін қыз-келіншектерді сынап тастады
Белгілі әнші Жазира Байырбекова күйеуін “жәннатым” дейтін әйелдер туралы ойын ашық айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/zhazira_bairbekova
Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Осы ойымды ашық айтқаным үшін көбіңіз ренжисіздер-ау… Күйеуін “жәннатым” деп санаған дұрыс-деп қанша жерден естісем де келісе алмай-ақ қойдым. Әр адам өз ата-ансын осылай атаса 100% қосыламын. Өйткені ата-анасын ешкім,ешқашан ауыстыра алмайды. Күйеуін,балаларының әкесін сыйлаған,құрметтеген өте дұрыс. Бірақ “жәннатым” деп тек әке-шешеге айтса жарасатын сияқты”, – делінген жазбада.
Жазира Байырбекованың оқырмандары әншінің бұл ойын қолдап, жазба астына өз пікірін қалдырды.
“Дұрыс, қосыламын. Күйеу ешқашан жәннатың болмайды, ол – өмірлік серігің”, “Әсірелемей-ақ сүйе беруге болады”, “Ер азаматың қанша жерден жақсы болса да, олай ата-анамен теңестіру әбес қылық”, – деп жазды желі қолданушылары.