“Жазғы шиналармен жолға шықпаңыз": Төтенше жағдайлар министрлігі көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Фото: pixabay.com
Төтенше жағдайлар министрлігі казақстандық көлік жүргізушілерге жазғы шиналарын ауыстыруды ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік ауа райының қолайсыздығын алға тартты.
“Жазғы шиналармен жолға шықпаңыздар! 1403 байланыс орталығына жүргізушілерден көктайғақтан жолдың шетіне шығып кеткені туралы хабарламалар жиі түсіп жатыр.
Біздің жолшы мамандар шұғыл түрде жәрдем көрсетуде. Қылышын сүйретіп қыс келді. Енді жолға жазғы шиналармен шықпаңыздар. Тезірек қысқы дөңгелектерге ауыстырыңыздар. Бұл сіздердің және басқа жол пайдаланушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды!”, – деді ведомство.
-
"Жаңбырдың арты қарға ұласады": Қазгидромет қараша айына ауа райы болжамын жариялады
-
Қазақстандықтар автогаз жетіспеушілігіне шағымданды — Энергетика министрлігі жағдайды түсіндірді
Мамандар 1403 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсететінін жеткізді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген