Жазғы Азия ойындары: Қазақстан медаль саны бойынша алғашқы ондыққа енді
Қытайдың Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан медаль саны бойынша 9-орынға көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан бұған дейін 11-орында тұрған еді. Алайда спортшылардың оң нәтижесінен кейін бірден 3 сатыға жоғарылады.
Азиадада Аян Бейсенбаев триатлоннан қола медаль иегері атанды.
Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты 1:52:25. Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды, сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға(1:51:49) бұйырды.
Талқылау