Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы төртінші алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар ХІХ жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэден ескек есу бойынша чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ескек есу

Сурет: Sabirov Sali

Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов 50 метрге каноэде есуден алтын медаль жеңіп алды. Олар бұл қашықтықты 1:49.01-та еңсерді.

Отандастарымыз Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті. 

"Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздердің қажырлы еңбектеріңізді мақтан тұтады!" – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Талқылау