Басты жаңалықтар
Жауын мен бұршақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Демалыс күндері республиканың көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы қалыптасады: күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады.
Жоғары атмосфералық қысым Қазақстанның солтүстік және орталық бөліктеріне ықпалын сақтайды: күн ашық әрі жауын-шашынсыз. Бұл ретте ауа температурасының жоғарылауы жалғасады. Түнде елдің көп бөлігінде 1-7 градус үсік сақталады.
Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанады.
Талқылау

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
Лаура бірнеше рет дәрі қобдишасын сұрағанымен, қонақүйде қарапайым медициналық қобдиша да болмаған

“Ұлдан кешірім сұрамаймын” деді: Желіде "Тайсон қыз" деп танылған кішкентай ару туралы не белгілі
Жасминнің анасы: "Мұғалімі тәртібіне байланысты хабарласты"