“Мұндай өзгерістер талапкерлерге қосымша жүктеме болмайды, керісінше, “оларға білім деңгейін көрсетуге және оны әрі қарайғы оқуда қолдануға дайындықтарын дәлелдеуге мүмкіндік береді”, – дейді Гүлжан Джарасова.
Қазақстанда 22 желтоқсан күні қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Тестілеу 10 қаңтардан 10 ақпан аралығында өтеді.
- Қазақстанда шетелдік университеттерге түсуге мүмкіндік беретін жаңа ҰБТ енгізіледі
- ҰБТ түбегейлі өзгереді: Министрлік тестілеуге қандай өзгерістер енгізілетінін айтты
2026 жылы ҰБТ форматы өзгермейді. Талапкерлер үш міндетті пән және екі профильдік пәнді таңдау арқылы тапсырады.
Жалпы тапсырмалар саны – 120:
-
Қазақстан тарихы бойынша – 20 тапсырма;
-
Оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша – әрқайсысынан 10 тапсырма;
-
Әр бейінді пән бойынша – 40 тапсырма.
Максималды нәтиже – 140 ұпай.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут беріледі.
Еске салайық, 2027 жылы Қазақстанда ҰБТ форматы өзгеретіні туралы жазған едік.
