Жасөспірім сал ауруына шалдыққан інісін арқалап 178 шақырымды жүріп өтті (фото)
Өткен аптада 16 жасар Хантер Ганде мен оның кіші інісі Брейден 178 шақырымды жүріп өтті. Олар туған қаласы Темперанстан Мичиган штатындағы Капитолияға дейін жаяу барған.
Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.
Жол бойында үлкен ағасы сал ауруына шалдыққан Брейденді тек ғана арқалап жүрген. Ағайындылар жыл сайын өткізілетін мидың сал ауруына шалдыққан балаларға көңіл бөлуге үндейтін Cerebral Palsy Swagger марафонына осымен екінші рет қатысып отыр. Өткен жолы ағайынды Ганделер 64 шақырымды бағындырған еді.
Бұл жолғы саяхат 5 күнге созылды. Олар 20 сәуір күні шығып кетіп, межелі мекенге 25-ші сәуір күні жеткен. Олар әр 3-4 шақырым сайын тоқтап демалған.
Хантер әртүрлі спорт түрімен айналысқанды жақсы көреді
Фото опубликовано Hunter Gandee (@huntergandee)
Өзінің жағдайына қарамастан балақай үнемі күлімдеп жүреді
Ағайындылардың бауырмал екені бірден байқалады
Олар әркез бірге
Last pre-walk workout with the bro
Фото опубликовано Hunter Gandee (@huntergandee)
Фото опубликовано Hunter Gandee (@huntergandee)
Бірге өткізген бес күн балалар үшін өте маңызды болды. Бұл жолғы марафон екеуі үшін де соңғы. Өйткені, келесі жылы Хантер күз айында колледжге оқуға кетеді.
Day 1 went great! 6 down in day 2!
Фото опубликовано Hunter Gandee (@huntergandee)