Жас жігіт Қайрат Нұртастың концертінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)
Қайрат Нұртас Қазақстанның түкпір-түкпірін отбасымен бірге аралап жүргені белгілі. Бұл орайда әр аймақта неше түрлі қызық болатыны да жасырын емес. Мәселен, Қайраттың Орталық Қазақстан өңіріндегі концертінде жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жантебірентерлік сәттің видеосын Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасына жүктеді.
Қарағанды тұрғыны сүйген қызына ұсыныс жасау үшін арнайы махаббат туралы әнді күткен. Қайрат Нұртастың інісі Заңғар Нұртас жаңа әнімен ортаға шыққанда, жігіт болашақ жарына сезімін білдіріп, гүл шоғын ұсынды. Бұдан кейін жастар “Махаббат вальсі” әніне би биледі.
Айтпақшы, желі оқырмандары жаңа өмірге қадам басқан жігіттің әрекетіне ғана емес, Заңғардың әніне де баға беріп үлгерді.
“Өте тамаша ән екен”, “Толық нұсқасын қайдан жүктей аламыз”, “Заңғар ағасы сияқты жұлдыз болсын”, – деп пікір білдірді оқырмандар.
Тағы оқыңыз:
Қайрат Түнтеков өлім аузынан қалған жол апаты жайлы айтты
Хит емес, бірақ кино: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны желіні шулатты (видео)
Әлемге әйгілі Пенелопа Крус қазақстандық актрисаның көйлегіне таңдай қаққан
Үйде отыр дейді: Аша күйеуі Арманның талабын неге орындамай жүр