Кір жуғыш машинаға кіріп ойнамақшы болған бала абайсызда мерт болды
Жаңа Зеландияда мектеп жасына жетпеген бала кір жуғыш машинаға кіріп, мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 19 ақпанда кешке Кристчерч қаласының маңында болды. Баланы машина қосылған соң бір-ақ көрген. Полиция жәбірленушіні ес-түссіз күйде жергілікті ауруханаға жеткізгенін, онда қайтыс болғанын хабарлады. Осы іске қатысты оқиғаның барлық мән-жайлары анықталды.
Жеткіншектің ата-анасы жексенбі күні жерлеген. Полиция қызметкерлері өлімді күдікті деп санамайтынын атап өтті.
Жергілікті басылым ата-аналарға қырағы болуға шақырады.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ