"Жарықтың сөнуімен бөлмелер де суытып кетеді": Шымкенттік тұрғындар қуат көзінің жетіспеушілігіне шағымдарын айтты
Шымкент қаласының тұрғындары ұзақ уақыт бойы жарықсыз отырудан шаршаған. Забадам ықшамауданының тұрғыны Құдайберген Жәнізақов жарықтың сөнген уақытында отбасының қалай өмір сүретінін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vera.kz сайтына сілтеме жасап.
Cурет Спутник Кыргызстан сайтынан
Ол электр жарығы үзілген уақытта шаңырақтың барлық туыстары бір бөлмеге жиналып отыратынын айтты, себебі жарықсыз жылу да өшіп қалатындықтан, басқа бөлмелер тастай суық болады.
"Міне, қолымыздағы жарық шаммен күн кешіп келеміз. Оны үстелдің қақ ортасына қоямыз да, тамағымызды ішеміз. Түнде, жарық жанған кезде оның қуатын толтырып аламыз. Жарық оралған кезде біз қолда бар құрылғымыздың барлығының қуатын толтырамыз, ұялы телефондарымызды да қоса. Бірінші бөлменің іші жылы, ал қалғандары өте суық. Балаларым, немерелерім ауырып жатыр, дала да тастай қараңғы", – дейді Құдайберген Жәнізақов.
Мұндай күнді бастарынан тек Шымкенттің шеткі аймағында тұратын халық ғана емес, орталығындағы адамдар да өткеріп жатыр, оның ішінде әсіресе жеке үйлермен қоса көпқабатты үйлердің тұрғындар бар.
Энергетиктер болса, электр жарығын мезгілімен сөндіру қажетті шара екенін алға тартады. Апаттық салдарды болдырмау үшін магистральдық желілердегі жүктемені азайту қажет дейді олар.
- "Қарапайым халық майнерлердің кесірінен зардап шегуде": Қазақстанда не себепті электр қуаты өшіріліп жатыр?
- Мәжіліс депутаттары майнерлер үшін электр энергиясы тарифін көтеруді ұсынды
- Ресей Қазақстандағы электр қуаты тапшылығы мәселелесін шешуге көмектеседі
"Шектеулер 1 қарашаның кешкі уақытынан басталды. Бұл Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде өндіруші қуаттардың тапшылығына байланысты. Жамбылдың гидроциркуляциялық электр станциясында бүгін ғана үшінші энергоблок іске қосылып жатыр. Бұл шамамен 180 мегаваттты қамтиды. Оның ішінде 125 мегаватқа келісім-шарт жасадық, өтінім беріп қойдық, ертеңнен бастап жарық қуаты барлығына жетуі тиіс деп күтіп отырмыз", - деп түсіндірді "Оңтүстік жарық-транзит" ЖШС директоры Мұрат Ибрагимов.
Қарапайым күндері Шымкент 315 мегаватт тұтынады. Жылыту маусымында – 375 мегаватт электр энергиясы болады, оның ішінде қала: ЖЭС-тен 40-121 МВт, Шардара ГЭС-нен 50 МВт, Жамбыл ГРЭС-тен 40 МВт және Екібастұз ГРЭС-тен 221 МВт электр энергиясын алады.
Биылғы жылы жеткізушілер үшін барлығы жоспар бойынша болмады. Шардара су қоймасында су тапшылығына салдарынан жергілікті су электр стансасы 50 МВт орнына қалаға небәрі 8-ін, ал Екібастұз ГРЭС-і 221 МВт орнына тек жартысын ғана беруге мәжбүр.
Айта кетейік, елімізде соңғы уақыттардың ішінде көптеген өңірлерде электр энергиясына деген тапшылық туындаған. Жауапты биліктің айтуынша, бұған басты себеп еліміздегі электр қуатының жетіспеушілігі. Ал қуат көзінің жетіспеушілігі майнинг кәсіпорындарының санының артуымен тығыз байланысты.