Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарық құдықтың ішінде тұрдым, төбеден үш бейне көрінді": Клиникалық өлімді бастан өткерген ер адам о дүние туралы айтты

арғы өмірде не барын айттыФото: pixabay.com

Испандық ғалым клиникалық өлімді бастан өткеріп, о дүниеге қатысты көргендерін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Теориялық физика бойынша ғылым кандидаты және биофизика магистрі доктор Алекса Гомес Марин жүрегі жеті секундқа тоқтаған сәтте өзін ерекше бір "құдықтың" ішінде сезінгенін айтты. Сол жерде оны алтын түстес жарықтан үш жұмбақ бейне қарсы алған.

"Мен туннельмен көтерілдім, бірақ ол шын мәнінде құдық сияқты болды. Жоғары қарасам, төбеде үш бейне тұр", – деп сипаттады ғалым.

Гомес Мариннің айтуынша, бұл тылсым жаратылыстар оған таңдау ұсынған: өмірге қайта оралу немесе басқа әлемге өту. Ол өз кішкентай қыздары үшін өмірге қайта оралуды шешкен.



"Мен жеті секунд бойы арғы дүниеде болдым. Басымның үстінде алтын жарық төгілген құдықтың ішінде тұрдым. Қасымда үш рухани жолсерік болды. Олар маған шығуға көмектескісі келді", – деді ол.

Ғалым өз сезінгенін "шын өмірден де шынайырақ" деп сипаттады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 27 Қазан, 2025 20:28
Талқылау