Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жарайсың, Әнел»: Тоқаев Ла-Манш бұғазын бағындырған қазақстандық спортшыны құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен қазақстандық спортшы Әсел Сытдықованы құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жарайсың»: Тоқаев Ла-Манш бұғазын бағындырған қазақстандық спортшыны құттықтады

Өз сөзінде президент Әсел Сытдықованың Ла-Манш бұғазын жүзіп өткен тұңғыш қазақстандық екенін атап өтті.

«Спортшы қызымыз Әнел Сытдықова Қазақстанның тарихында тұңғыш рет және әлемде алғашқылардың бірі болып, Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Мықты ерік-жігер мен хас шеберліктің керемет үлгісін көрсеттің. Жарайсың, Әнел!» - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде. 

Еске сала кетсек, Әнел Сытдықова ұзындығы 38 шақырымды құрайтын Ла-Манш бұғазын 15 сағатта гидрокостюмсіз жүзіп өткен еді. 40 жастағы спортшы бұғазды бағындырып, мақсатына жеткеннен кейін, Францияда Қазақстанның туын желбіретті. 

Талқылау