Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияның түнгі клубына келушілер қазақ әнін сүйіп тыңдайды (видео)

Жопонияның Осака қаласындағы түңгі клубтың бірінде қазақ әні шырқалып тұр. Келушілер «Shymkent style» атап кеткен бұл ән клубқа келушілердің сүйікті әніне айналған.

club-1

Фото: grandtour.ru 

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

Қанат Үмбетовтің «Жүректесің» әнін қазақстандық қыз Осакадағы түнгі клубтардың бірінен тыңдап қалады.

Видеоны әлеуметтік желіге жүктеген қыз:

«Осаканың орталық көшелерінің бірінде қыдырып жүріп, кенет қазақша ән сөздерін естіп қалдым. Дереу барға кіргенімде өзіміздің Қанаттың ән айтып жатқанына куә болдым. Жапондар оны ерекше әсермен тыңдайды екен. Менде Қанаттың орындауындағы әнді тыңдап қайттым» – деп жазады.

Оның айтуына қарағанда осакалық бармен бірде жолы түсіп Шымкентке келгенде бұл ән қатты ұнағаны сондай оны үйреніп алған және өзімен бірге алып кеткен.

Ол бармен бұл жерде әзірге жұмыс істемейді екен. Алайда клубқа келушілердің бірі «Shymkent style» жанрындағы әнді қойып берулерін өтініпті. Әлеуметтік желіге жазған қыздың айтуына қарағанда «Shymkent style» жанры – қазақ әндері болса керек.

Жіберіп алмаңыз:

Домбыра жасайтын қытай  қазақтың халық әнін домбырада орындады (видео)

Желі қолданушыларына Ламбада әнінің қазақша нұсқасы ұнады  (видео)

Студент жігіт қазақ қыздарының бай қытайларға тәнін қалай саудалайтынын айтып берді

Талқылау