Студент жігіт қазақ қыздарының бай қытайларға тәнін қалай саудалайтынын айтып берді

Сәрсенбі, 10 Тамыз , 2016 17:20

Нұржан Барлыбаев Қытайдағы қазақ студенттерінің арсыз әрекеттеріне қайран қалды. Жас жігіт Қытайдың Сиань қаласында үш жылдан бері білім алып келеді.

88967935198700383b4ffdc17015b085_XL

Бұл туралы newtimes.kz хабарлайды.

Оқудан тыс уақытта отандастарының немен айналысатынын алғашқыда білмеген студент бұл туралы ірі табысқа кенеліп, мақтанған жолдастарының әңгімесінен хабардар болғандығын айтты.

«Сиань қаласында ойын-сауық орындары жетерлік. Орталықтардан бөлек мұнда жалға берілетін түрлі бөлмелер бар. Онда мекеме әкімшілері қалталы азаматтарға қыздарды «жалға» береді. Ересек ағатайлар еуропалық бикештер мен көзі үлкен қазақ қыздарын ұнатады екен. Қазақстанның көптеген студент-қыздары сонда жұмыс істейді», – дейді Барлыбаев.

Қазақ қыздарының арсыз әрекетіне ашынған студенттің сөзінше, қытайлық еркектер мұндай қыздармен көңіл көтеріп, ішімдік ішіп, уақыт өткізеді. Қазақ қызы қытайша сөйлей білсе, оның бағасы да жоғарырақ болады екен. Кеш аяқталған соң клиент қызды өзімен бірге алып кете алады, тек ақысын төлесе болғаны.

Қазақстандық жігіттер де қытайлық эскорт-қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істеуден арланбайды екен. Барлыбаевтың пікірінше, жастар мұндай қадамға қомақты ақша үшін барады.

«Жұмысқа қабылдар кезде қыздың жасына мән бермейді, тек оның сыртқы келбеті маңызды. Егер қыз тартымды, сүйкімді болса, бір кеште 70 мың мен 100 мыңның арасында ақша табады», — дейді студент.

«Отандастарым үшін қынжыламын. Олар Қытайға байларға қызмет көрсету үшін емес, білім алу үшін келді. Осы себеппен кейбір таныстарыммен байланысымды үздім. Ақыл айтудан аулақпын, алайда қазақстандық студенттерді шетелде ерсі қылықтарға бармай, өздерін лайықты ұстауға шақырамын. Қазақстанның атына кір келтірмесе деймін», — деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ қызын жар ететін қытайлар саны артуда

Арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары басынан кешкен сұмдықтарын айтып берді 

Қазақ қызына деген махаббат африкалық жігітті қазақша сөйлетті (видео)

Үнді азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы бақытты екенін айтты (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар