Арабқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары басынан кешкен сұмдықтарын айтып берді 

Дүйсенбі, 8 Тамыз , 2016 22:45

Арабқа тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздар басынан өткерген сұмдық оқиғаларын ашып айтып берді.

photo_28268

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

Талдықорғандық 29 жастағы Дарина есімді келіншек Араб еліне қомақты қаржы табу үшін аттанған. Сол елде жүріп бақуатты ер адаммен танысқан. Танысқанынан көп уақыт өтпестен жатып, ол тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Осылайша ен байлыққа ие болуға мүмкіндік туған бойжеткеннің алдында оған ұл бала босанып беру міндеті тұрған.

“Күйеуім бай болғанымен қазір бізге, балаларына қарамайды. Қыздарын тіпті жақтырмайды. Балаларының бәрі оған ұқсамаған. Бәрі ашық өңді келген”, – дейді Дарина.

Ал Дубайда тұрып жатқан шымкенттік келіншек күйеуінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайтынын, елде әйелдердің құқығы жоқ екенін айтады. Ол бүгінде бай жігіттің екінші әйелі.

“Араб әмірлігінде шетел азаматшалары тек екінші әйел ғана бола алады. Мен тұрмысқа шыққан соң күйеуім өзгеріп кетті. Соның айтқанымен киініп, соның қалаған асын жеймін. Соңғы кездері қол көтеруге дейін барып жүр. Мен ондайда камераға түсіріп аламын. Ол полиция шақырған соң ғана сабасына түсе бастайды. Балаларымды жақсы көреді. Сол ғана көңіліме демеу”, – дейді ол.

Қостанайдың 31 жастағы тумасы Дубайда күйеуімен ажырасып кеткенімен, сол елде өмір сүруде.

“Күйеуім ұрып-соққан соң ажырасып кеттік. Қуанышқа орай оның маған қол көтергенін дәлелдей алдым. Олай болмағанда қызым екеуміз аман қалмас едік. Мемлекет балаларыма баспананың, тамақтың, мектебінің медициналық қызметінің есебін төлейді. Мен Қазақстан азаматшасы болғандықтан қызмет тегін емес, бірақ арабтың балаларын өсіріп отырғандықтан жеңілдіктер аламын”, – дейді ол.

Араб ерлеріне тұрмысқа шыққан шетелдік қыздардың басынан бұдан да сорақы жағдайлар өтіп жатады. Өйткені елде ер адамдарға сот жоқ екен. Алайда, билік араб балаларының анасын далаға тастамай, жағдайын жасайды. Сондықтан бойжеткендер мұндай қатыгез өмірге тәуекел етіп жатады.

Жіберіп алмаңыз:

Пәкістандық қызды өзге ұлтқа тұрмысқа шыққаны үшін туыстары өлтіріп тастады

Үнді азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы бақытты екенін айтты (фото)

Қазақ қызы мен қара нәсілді жігіттің үйлену тойы жұртты ашуландырды (видео)

Үндістанда бес жасар қызды тұрмысқа берді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Қазақ десен намысқа тиеді бірақ біздің қазақ жігіттер мен үкімет əйел мен баланы бағалайды көмек бермейды қалай тұрсаң солай тур дейді

  • Анонимно says:

    Куанбайак концы соган

  • Қазақ says:

    Бiр куантары араб елi қалай жақсы көмектеседі ал қазақстанда ондай көмек жоқ

  • Анонимно says:

    Албасты қатын обалың жоқ ел асып су асып не көрінді қазақ жігітінің баласын ту туғыш болсаң өз еліңнің көбейюіне улес қос

  • Анонимно says:

    Келин телехикаясы сиякты ма

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар