Қазақ қызына деген махаббат африкалық жігітті қазақша сөйлетті (видео)

Бейсенбі, 21 Шілде , 2016 8:01

Даниэль Джеймстың Қазақстанда тұрып жатқанына 5 жыл болған. Ол Нигериядан келген. Анасы орыс қызы екен. Өзінің айтуынша, қазақ тілін үйренуіне махаббат әсер еткен.

1dd7539675d1b62e06f30bee6c8def9d_resize_w_520_h_

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Ол осы уақыт аралығында қазақ тілін еркін меңгеріп қана қоймай, қазақтың халық әндерін орындауды да үйреніп алған.« Бүгінгі күні Қазақстан азаматымын. Осы жақта мектепте оқыдым. Сосын ҰБТ тапсырдым. Кейіннен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясына оқуға түстім. Қазақ тілін үйренуіме махаббат көмектесті. Өйткені, қазақ қызына ғашық болып қалдым. Басында ағылшын тілінде танысқанымда ол маған қазақ тілінде жауап берді. Алғашқыда сол қызбен әңгімелесу үшін қазақ тілін үйренуге тура келді», – дейді Даниэль Джеймс.

Ол басында кішкене оқулық сатып алғанын айтады. Сосын көшеге шығып, адамдармен әңгімелесуді бастаған. Екі айдың ішінде септіктер, құрмалас сөйлем сияқты қазақ тілін заңдылықтарын меңгеріп алған.

Ол көктемде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында қазақ тілінде ән шырқап берген еді.

786e0b4f0ce5a2b51275761e63cdfc6a

Даниэль Алматыдағы Африкалық қоғамның президенті. Оның анасы – орыс, ал әкесі – нигерилық екен. Өзі кәсібі музыкант. Фортепиано мен домбырада еркін ойнайды. Қазақ қызына үйленген. Жарының есімі – Айдана. Екеуі Адель есімді бір ұлды тәрбиелеп отыр. Екеуі ең алғаш Алматыдағы Арбатта танысқан. Басында Айдананың ата-аналары бұл некеге қарсылық білдіріпті. Дегенмен Даниэль сүйіктісі үшін қазақ тілін үйреніп, Айдананың ата-анасының келісімін алған.«Нигериядан келіп елде қалған азаматтар бізде әлі болған емес. Сондықтан тамырыңды осында жай», –деп Елбасы Ассамблея сессиясы кезінде қалжыңдады.

«Қазақта «қара» деген қасиетті ұғым бар. Төбеде көк аспан, төменде қара жер болса, оның үстінде бейбітшілік пен татулықтың қара шаңырағы– Қазақстан! Қазақтар талай уақыт бойы Тәуелсіздікті аңсап келді, бірақ бұл арманға Сіз қол жеткіздіңіз, Президент мырза», – деді Даниэль.

Ол әңгімесінің соңында қазақ тілінде ән шырқап берді. Соңында Мемлекет басшысы Даниэльге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Жіберіп алмаңыз:

Үнді азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы бақытты екенін айтты (фото)

Қазақ қызы мен қара нәсілді жігіттің үйлену тойы жұртты ашуландырды (видео)

Қазақ қызын жар ететін қытайлар саны артуда

Түрік жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызы бақытты екенін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Астанада екеуинин бири орысша сойлейди осы негрден казакша уйрениндер

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар