Түрік жігітіне күйеуге шыққан қазақ қызы бақытты екенін айтты

Сенбі, 26 Наурыз , 2016 21:01

Қазақ қызы мен түрiк жiгiтi Әйгерiм мен Хакан Ешильчимендер тату-тәттi отбасын құрудың сырымен бөлiстi. Мериям мен Ейлюль есiмдi қыздары бар жанұя ең бастысы – отбасындағы мiндеттердi ердiкi не әйелдiкi деп бөлмеу керек деген пiкiрде.

ысыс

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

«Хакан екеуміз Астанадағы клубта таныстық. Ол достарымен барған. Ал мен таныстарымды алып кетуге көлiкпен келгенмін. Сол клубта таныстық, бірақ, телефондарымызбен алмаспаған едік. Бір қызығы, бір апта өткеннен кейін мен көлікпен келе жатып, Хаканның сауда үйінің жанында тұрғанын байқап қалдым. Көлiгiммен дiттеген жерiне апарып тастадым, солай сөйлесіп кеттік. Мен ол кезде жігіт туралы, тіпті басқа ұлттың жігітімен кездесу туралы ойламаппын. Ол кезде Алматыдан Астанаға ендi көшiп келгенбiз. Сондықтан жаңа қалада басқа жоспарларым болған. Екеуміз араласып жүрдік, одан кейін бірге жұмыс істеп, солай достасып кеттік. Осылайша, кездесе бастадық, дегенмен, ол маған уақытты созбай, ата-анаңнан рұқсат сұра, келіспесе, одан әрі кездеспей-ақ қояйық деді. Мен өзiм қорқақтап ата-анама көпке дейiн айта алмай жүрдiм», – дейдi Әйгерiм.

Безымянный

Әйгерімнің анасы қызының түрік азаматына күйеуге шығуға бірден қарсы болған. Алайда әкесі күйеу баламен кездесіп, қызына өз рұқсатын берген.

“Мен үйленемін деп жүргенде 36 жасқа келiп қалғанмын. Ата-анам үйленгеніме қуанды. Ал мен Әйгерімдi өте мейірімді, адал жан деп санаймын, сондықтан болар таңдауым Әйгерiмге түстi», – дейдi Хакан.

Әйгерiм Түркиядан келген қонақтар қазақтардың дастарханының молшылығына таң қалғанын айтты. Қазақстанда қанша жүз адамға дастархан жайылып, әртістер шақырылып, түрлі шоу-бағдарламалардың өтетiнi де түрiктердi таңғалдырған екен.

Ал Хакан балалардың болашағы үшiн Түркияға әзірше көшкім келмейді дейдi. Қазақстанда өсiп-өну балаларға тиiмдi дейдi жiгiт. «Балаларымыздың Қазақстанда оқығаны тиімді, себебі, олар Қазақстанда оқыса, кем дегенде 3 тілді: қазақша, орысша және түрікше біледі. Онымен қоса, ағылшын тілі бар. Түркияда бұл жағы қиындау. Балалардың мектепті, лицейді осында оқығанын қалаймын, ал одан кейін көреміз”, – дейді күйеу жігіт.

Олар отбасында бір-бірімен санаспай, әркез біріне-бірі көмектесуге даяр тұрады екен. Хакан Түркия отбасыларында ер адамның тамақ істеп, үй жинауы қалыпты нәрсе дейдi.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

13
Комментариев
  • Anonymous says:

    Адам болса болды. Бакыт тилеймын! Биреуге не тилесен озыне сол келеды!

  • Anonymous says:

    Бакытты болсын! Бир бирин суйсе болганы.

  • Анонимно says:

    Намыстан акшаны жогары коятын хайуан

  • Анонимно says:

    Менде бақыттымын əйелім қазақ

  • Анонимно says:

    Бірінші ақша екінші куни

  • Анонимно says:

    Бір жігітке бірнеше қыздан келеді деп көкитін жігітсымақтарға ой салар мақала екен….

  • Жұмбақ жан says:

    Қазақтан жігіт таппады ма алде туріктің акшасы ма

  • Қазақ қызы says:

    Бақыты баянды болсын . Бұйыртқан , маңдайына жазған жаны шығар .Дегенмен, өз ұлтыңа кім жетсін.

  • Жұмбақ жан says:

    Алланын калауы солай шыгар. Каргыс атпай ары карай бакытты омир суре бериниздер! Тил деген ширкин суйексиз гой.

  • Жұмбақ жан says:

    Жетысыпсын каргыс аткыр хайуан

    • Жұмбақ жан says:

      қарғыстың екінші ұшы өзіңізге тиіп жүрмесін!

      • Анонимно says:

        олай деуге болмайды бахытты болсын балалары барғой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар