Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нигерия тумасы Назарбаевқа қазақша ән салып берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыда тұратын Нигерия тумасының қазақ тілінде орындаған әні ұнады.

20160426154911

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Қазақстанда 5 жыл тұрып жатқан өнертанушы және музыкант Даниэль Джеймс Данлади-Бвай Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында қазақ тілінде ән шырқап берді.

«Менің әкем нигериялық, анам – орыс. Қазақстанда 5 жыл тұрып жатырмын. Мен Қазақстан азаматымын. Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында оқимын», – деді Даниэль Бвай.

«Нигериялық бізде әлі болған емес, тамырыңды осында жай», – деп қалжыңдады Назарбаев.

«Бастап та кеттім», – деді Даниэль қазақ тілінде. – Қазақта «қара» деген қасиетті ұғым бар. Төбеде көк аспан, төменде қара жер болса, оның үстінде бейбітшілік пен татулықтың қара шаңырағы  – Қазақстан! Қазақтар  талай уақыт бойы Тәуелсіздікті аңсап келді, бірақ бұл арманға Сіз қол жеткіздіңіз, Президент мырза».

«Мен таңданамын, егер ол қазақшаға судай болса, қазақстандықтардың өздерінде қандай кедергі бар?», – деді Елбасы нигериялық «қара домалақтың» қазақшасына таңданып.

Даниэль Бвай президентпен әңгімесінде бар өмірін өнерге арнайтындығын айтып қалды. «Домбырада ойнаймын, асаба да болам кейде. Ұлттық әндерді де білем, біреуін айтып берейін», – деп қолқа салды ол.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыда тұратын Нигерия тумасының қазақ тілінде орындаған әні ұнады. Соңында, Назарбаев   Даниэльге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

даниэльььь

Даниэль бүгінде қазақ қызына үйленіп, бала тәрбиелеп отыр. Қазақстанда тұрғанына 5 жылдан асқан. Осы елдің азаматтығын да алып үлгерген.


Жіберіп алмаңыз:

Нигериялыққа тұрмысқа шыққан қостанайлық бойжеткен Африкаға көшіп кетті

Талқылау