Нигериялыққа тұрмысқа шыққан қостанайлық бойжеткен Африкаға көшіп кетті

Жұма, 5 Ақпан , 2016 19:30

Дарья Икерт есімді бойжеткен осыдан үш жыл бұрын Қазақстанның қоңыржай климатын Нигерияның ыстық табиғатына алмастырам деп ойламаған. Ал, күйеуінің нигериялық болатынын тіпті де елестетіп көрмеген.

93114789-923

Бұл туралы Наш Костанай хабарлайды.

2013 жылы Даша отбасымен бірге Түркияға демалысқа аттанады. Демалыс уақыты ойдағыдай өткен соң, құрбысы осы елде қалып, аниматор болып жұмыс істеуді қсынады.

Дарья бастапқыда бөтен елде қалып жұмыс істеуді құптамай, қарсы болған. Алайда ойлана келе Түркияда қалып жұмыс істеуге бел байлайды. Сөйтіп, жергілікті аниматор Рокко есімді азаматтан жұмыс жайлы сұрастырады. Ол орыс тілді қыздардың керектігін айтып, бірден жұмысқа қабылдайды.

«Біз Анталияға ұшып барып, 3 сағат трансферді күттік. Алғашында ақшамыз аз болғандықтан, алданып қалдық па деп ойладық. Алайда, трансфер келіп, бізді қонақүйге орналастырды. Бізді мини-клубка апарды. Олардың бәрі түрікше сөйлеп, біз өзімізді жайсыз сезіндік. Кейіннен клуб басшысы орыс тілінді сөйлегенде таң қалдық. Ол Әзірбайжаннан келген екен. Біз онымен тез тіл табысып кеттік», – деп еске алады Дарья.

«Алғашқы жұмыс күні өте ауыр болды. Өзге адамдар, өзге қала біз үшін оңайға соқпады», – дейді ол.

Бір айдан соң құрбысы Қазақстанға қайтып кететі. Ал Дарьяға үлкен туристермен жұмыс істеуге тура келеді. Жұмыс маусымы біткен соң ол еліне қайтып оралады.

Алайда үйіне келген қыз Түрік елін, жұмысын, Рокконы сағына бастайды. Роккомен сол елде кездесіп жүрген екен. Рокконың жұмыс кезінде қызға көзі түсіп, оның жүрегін жаулай бастаған. Сөйтіп, бойжеткен Ыстамбұлға билет алып, сол елге бет алады.

«Түркияда өткен екінші жыл мен үшін өте қызықты болды. Мен сахнаны жақсы көретін едім. Мүмкіндігінше шоулар мен комедияларда, мюзиклдрға қатыстым. 21 жастың соңғы екі жылы мен үшін еі керемет сәттерімен есте қалды».

Кездесе жүріп, олар Ыстамбұлда пәтер жалдап тұрады. Бір жыл өткен соң жігіт Дарьяға тұрмысқы шығуға ұсыныс жасайды. Тойларын жігіттің туған жерінде өткізбекші болады.

«Олардың салттары мүлде басқаша. Қалыңдық түсерден бұрын оны тойдырып тамақтандырады екен. Өйткені келіннің арық болуы күйеу жігітке сын саналады».

«Мұнда халықтың 50 пайызын мұсылмандар, 40 пайызын христиандар құрайды. Алайда барлығы дерлік доңыз етін жемейді екен. Оны лас жануар деп санайды. Олар баланы арқаларына байлап жүре береді. Мен олардың тағамдарын іше алмадым. Олардың hand food деп аталатын тағамдары бар. Бір ыдысқа сорпа, бір ыдысқа қамырын салады. Және оны шайнамау жұтып жіберу керек».

Ал, Рокко болса, әйелінің қолынан шыққан барлық тамақты сүйсіне жейді екен. Тіпті, борщ, ет, палау сынды тағамдарды ұнатады.

«Біз қазір мұнда күйеуімнің туыстарының үйінде тұрып жатырмыз. Бірақ, мұнда өмір бойы тұрғым келмецді. Біріншіден – ыстық, екіншіден –өмір сүру жағдайы төмен. Елді жемқорлық жайлаған», – дейді  Дарья.

«Мен ертең болмаса, бір айдан соң қайда тұратынымды білмеймін. Бірақ бәрінің жақсы болатынына сенемін. Үйде отырып алып, өзгеше өмір сүруді аңсап теледидар алдында отырғанша, осылай әр елде жүргенім ұнайды. Ертең қартайғанда еске алар еш қызық болмаса, барлық өкініш сол кезде болады», – дейді бойжеткен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар