Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапонияның EXPO көрмесіне Қазақстанда өткен көрмеден 7 есе көп адам барады

Халықаралық көрмелер бюросы биыл Жапонияның Осакадағы EXPO-2025 көрмесіне 28 миллион адам барады деп жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: japanspecialist

Жапониядағы көрмеге Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келгендерден 7 есе көп адам барады. Е-gov мәліметінше, Астанадағы көрмені 3 миллионнан астам адам тамашалаған. Forbes Kazakhstan 4 миллион адам келді деп есептейді.

Дүниежүзілік ЭКСПО 2025 көрмесі Осакадағы Юмесима жасанды аралында 13 сәуір мен 13 қазан аралығында өтеді. Көрмеге 160-тан астам ел, соның ішінде Қазақстан мен Украина қатысуды жоспарлап отыр. EXPO-2025 көрмесінде Ресейдің стенді болмайды.



Алдағы көрменің тақырыбы – "Өміріміз үшін болашақ қоғамды жобалау". “Өмірді сақтау”, “Құқық пен мүмкіндіктерді кеңейту”, “Өмірді біріктіру” деген тақырыпшалар болады. EXPO-2025 көрмесін ұйымдастырушылар "Бақытты өмір салты дегеніміз не?" деген сұраққа жауап іздейді.

Қазақстан павильоны Оңтүстік Корея, Германия, Люксембург, Непал, Әзірбайжан, Иран, Монако және Түркия стендтеріне жақын орналасқан "Өмірді біріктіру" тақырыптық кластерінде орналасады.

Павильонның негізгі идеясы – мәдениеттер мен халықтардың бірлігін бейнелейтін шаңырақ символикасы арқылы "Өмірді біріктіру" тақырыпшасын ашу. Павильонның философиясы толеранттылық, бірлік және потенциал деген үш қағидаға негізделеді.

Еске салсақ, EXPO кезінде салынған павильондар бес жыл бойы шығынға ұшырап келгені айтылған еді. 

Талқылау