Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шығын ақталмады": Аудиторлар EXPO ғимараттарына қатысты тексеріс жүргізбек

13 маусымда сенаттың жалпы отырысында жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов EXPO ғимараттарына қатысты тексеру болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: uniticket.kz

Отырыс кезінде журналистер Әлихан Смайыловтан елордада салынған EXPO ғимараттарына аудит жүргізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.

“Салынған EXPO ғимараттары өзін ақтап жатыр ма? Себебі бұл ғимараттарды күтіп ұстау мен басқа шығындар бар”, – деп сұрады журналистер.

Бұған жоғары аудиторлық палата төрағасы жауап беріп, алдағы уақытта бұл бағытта тексеріс болатынын айтты.

“Қазір олардың табыстары ұлғайды. Бірақ толығымен өзін ақтап жатыр деп айта алмаймын”, – деді Әлихан Смайылов.



Еске салайық, былтыр Астанадағы EXPO кешені құрылысының сапасы тексеріліп жатқаны хабарланды. 2022 жылы Астанада нөсер жауыннан кейін EXPO аумағында бірнеше ғимаратты су басты. 2017 жылы ұйымдастырылған көрме шамамен 400 миллиардтан астам қаражат жұмсалған. Бұған нысандарды құрылысы, іс-шаралар, бәрі кіреді.

Талқылау