"Астана EXPO-2017" ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысы Аршалы ауданының Қостомар ауылында "Астана EXPO-2017" жел электр станциясының 1-ші іске қосу кешенінің жұмысымен және 2-ші іске қосу кешенінің құрылысының аяқталуымен танысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2-ші іске қосу кешенін пайдалануға беру және ЖЭС-тің 100 МВт толық жобалық қуатына шығуы 2020 жылдың IV тоқсанына жоспарланып отыр (қуаты 50 МВт болатын алғашқы іске қосу кешені 2019 жылы тамыз айында пайдалануға берілді).
ЖЭС 10 мыңнан аса отбасының жылдық энергия тұтынуын қамтамасыз етіп, парник газдарының шығарындыларын жылына 230 мың тоннаға азайтуға және жылына 79 мың тоннадан астам отынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Нысан құрылысына 300-ден аса адам тартылған, 20 жергілікті маман ЖЭС пайдалану үшін оқу курсынан өтіп жатыр.
Жұмыс сапарына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр, энергетика министрі Н. Ноғаев, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, "Қазақстан Даму банкі" АҚ басқарма төрағасы А. Сарқұлов және басқалары қатысты.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ