Жапония жағалауынан жұмбақ шар табылды
Жапонияда теңіз жағасынан диаметрі шамамен 1,5 метр болатын белгісіз шар табылды. Оның не екені мен қайдан түскені әлі анықталмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nishinippon басылымына сілтеме жасап.

Хамамацу қаласының маңындағы Сидзуока префектурасының жағалауынан жергілікті тұрғын күдікті шарды байқаған. Кейін бұл туралы полицияға арызданған.
Жергілікті БАҚ жариялаған фотосуреттерде нысанның тот басқан қоңыр дақтары бар тегіс сары шар екені көрінген. Екі жағындағы саңылауында шығыңқы жерлері бар.
Қазір оғаш зат табылған жер қоршауға алынды. Бұл жерге адамдардың жақындауына тыйым салынған. Аймақтағы көлік қозғалысы қатаң түрде бақылануда. Қазір белгісіз нысанды мамандар тексеріп жатыр. Оның фотосуреттері Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері мен жағалау күзеті сарапшыларына жіберілді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен