Жәнібек Әлімханұлы: “Qazaq Style-ды тарихта қалдырамын!”
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Орта салмақтағы әлем чемпион, WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 6 желтоқсан күні АҚШ-та өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарсыласы — WBA чемпионы, тәжірибелі кубалық боксшы Эрисланди Лара.
Бұл айқас – орта салмақтағы титулдарды біріктіру жекпе-жегі. Ресми хабар жарияланғаннан кейін қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне үндеу жасады.
“Көптен күткен жекпе-жек!
Орта салмақта дауыл! Бұл — қазақ стилі мен куба стилінің айқасы! Чемпиондардың шайқасы, үш титул!
Құдай қаласа, 6 желтоқсанда өзімнің үшінші чемпиондық белбеуімді иеленемін! Qazaq Style-ды тарихта қалдырамыз!” — деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында.
Егер Жәнібек бұл кездесуде жеңіске жетсе, ол үш чемпиондық белбеуді біріктірген тұңғыш қазақстандық боксшы атанады. Қазір WBC титулы доминикандық Карлос Адамеске тиесілі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

