Жәнібек Әлімханұлы: Менің Альваресті жеңетінімді бәрі біледі, мен оны дәлелдегім келеді
Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы, орта салмақтағы боксшы өзінің дивизионының топ боксшыларына қарсы рингке шыққысы келетіндігін мәлімдеді.
Әлімханұлы твиттерде мексикалық Сауль «Канело» Альварестің, американдықтар Дэниэл Джейкобс пен Деметриус Андраденің (WBO орташа салмақтағы чемпионы) суреттерін жариялады
«Мен оларды жеңе алатынымды бәрі біледі. Маған дәлелдеудің қажеті жоқ. Мен жай ғана көрсеткім келеді. Қазақ стилі - ең жақсы стиль», - деп жазды Әлімханұлы.
Еске салайық, 28 наурызда Квебекте (Канада) Әлімханұлы өзінің WBC Continental Americaas және WBO жаһандық титулдарын ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) жекпе-жекте қорғауы керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты жепе-жек тоқтатылды. Оның рингке қай күні келетіні әлі белгісіз.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады