Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті: алдағы жекпе-жектің тағдыры белгісіз

Канелоға қарсылас атанбақФото: No Limit Boxing

WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестілеуден өте алмағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл жаңалықты The Ring басылымының инсайдері, DAZN тілшісі Майк Коппинджер хабарлап, артынша бокс саласының тағы бір беделді инсайдері Дан Рафаэль растады.

Осы жағдайға байланысты 7 желтоқсан күні АҚШ-та өтеді деп жоспарланған, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лараға қарсы маңызды жекпе-жектің болу-болмауы қазір белгісіз болып тұр.

Ақпарат шыққаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында ресми мәлімдеме жасады.

"Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Бұл жаңалық мені таңғалдырды. VADA бірінші сынамадан өтіп, бәрі таза екенін айтқан. Мен ешқандай қоспаларымды өзгерткен жоқпын. Екінші сынамада не болғанын білмеймін, сондықтан қайта тексеруді сұраттым", –  деді ол.

Айта кетейік, Жәнібектің 7 желтоқсанда Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізу-өткізбеуі әлі анық емес. Кубалық WBA чемпионы сол күні титулын басқа қарсыласпен қорғауы мүмкін екені де айтыла бастады.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 00:24