Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жандарбек Бұлғақов: Шашын да әйелінің айтқаны бойынша алатын жігіттерді көрдік

Айтыскер, ақын Жандарбек Бұлғақов қазіргі заманда анасы мен әйелінің айтқанынан шыға алмайтын, өзіндік ер мінезділігі жоқ жігіттердің көп екенін алға тартты.

Айтыскер зіңгіттей жігіттің анасының айтуы бойынша шаш алдырып жатқанынының куәсі болған. Оған қоса қоғамда әйелінің айтқанынан шыға алмайтын, өз дегені жоқ, ез жігіттердің көбейіп келе жатқанын мойындады. Бұл туралы Хабар арнасына берген сұхбатында айтты.

"Бірде шаштаразға бардым. Өз уақытымнан ертерек барып қойыппын, күтіп отыруға тура келді. Менің алдымда жас жігіт шашын алғызып отыр екен. Үлкен, еңгезердей жігіт. 1 әлде 2-курста оқима екен. Сондай жас шамасында. Түрі жап-жас бала. Денесі үлкен, менен үлкен балаға ұқсайды. Анасы ұлының шашын қалай алу керек екенін шаштаразға түсіндіріп жатыр. Артын қысқарт, алдын тағы ал деген сияқты. Жігіт үндемей отыр. Анасы қалай десе, соған көніп отыр. Бастапқыда анасының қамқорлығына қарап, мылқау бала ма екен деп ойладым. Сөйтсем, қалтасынан телефонын шығарып қоңырауға жауап берді. Кейін шаштараз бұлынң шашын анасына көрсетіп, ақшасын алып, шығарып салды", - деді ол.

Жандарбек ол жігіттің жасы нешеде екенін шаштараздан сұрапты. Сонда шаштараз күнделікті келетін жігіттердің көпшілігі анасы түгілі әйелінің айтқанымен шашын алады деп жауап берген. 

"Шаштараз жігіттің маған сонда айтқаны, "сізге өтірік маған шын, күнделікті келетін жігіттердің көпшілігі әйелінің қалауы бойынша шашын алдырады. Әйелі өзіне қалай ұнайды, солай алдыртады. Айтып отырады" деді ағынан жарыла", - дейді Бұлғақов.

Айтыскердің мұнымен айтпағы, бүгінде анасы мен әйелінің айтқанынан шыға алматын жігіттер отбасына қалай демеу болады. Одан қандай азамат шығады? Ұлты түгілі, отбасын қорғай ала ма? Не сөзінде, не ісінде намыс жоқ жігіттерге кім сенім артады? 


Төреғали Төреәлі жан досы Жандарбек Бұлғақовпен не себепті ренжіскенін айтты


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр