Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі жан досы Жандарбек Бұлғақовпен не себепті ренжіскенін айтты

Төреғали Төреәлі айтыстың аламаны Жандарбек Бұлғақовпен не себепті араласпай қалғанын айтты. Тай-құлындай тебісіп өскен екі дос өсе келе ажырай бастаған. Оған өзіндік себеп бар көрінеді. 

"Жандарбек Бұлғақов! Бұл есімді ешкім көп біле қоймай тұрғанда мен өте жақсы білуші едім. Жұрт сыртына тамсанып жүргенде мен бұл жігіттің ішінде, көңілінде, жүрегінде жүретінмін.
Қатты доспыз. Бала кезден, бал шақтан. Қатар өстік, тай-құлындай тебістік, небір ортақ қызықтарымыз болды. Бізде ара қашықтық деген болмайтын. Қайсымыз қай қалада жүрсек те ұшып сағынып кетсек ұшып бара салатынбыз. Жәкең отау құрғанда мен жігіт жолдас дегендей ғой", - деп жазды әнші парақшасында.

Төреғали мен Жандарбек қазір дәл бұрынғыдай араласпайды. Арада аздаған салқындық бар. Одан бөлек шығармашылық, отбасы, басқа мәселелер кедергі. 

"Неге өткен шақпен сөйлеп отыр демеңіздер, қазір де арамыз ажырап кеткен жоқ. Бірақ біраз салқындап кеткен уақыт болды.
Адамның беті шыдамайтын, кешірімге келмейтін кемшіліктер емес, балалықтың шалығымен жүріп аз-маз өкпе-реніш болды. Бірақ шүкір, қазір бәрі дұрыс. Адамға балалық не үшін қымбат, жастық не үшін қымбат, қайтып келмейтін сәттерімен, есіңе түссе кеудеңді қытықтайтын тәтті естеліктерімен қымбат. Маған Жандарбектің бойындағы талай қасиет үлгі болды.

Айтыстағы алым-шалымы, ортадағы жатыпатар әзілдері, кісімен мәмілесі бәрі-бәрі анау-мынау жігіттің бойынан табыла бермейді.
Тіпті еркелігінің өзі ерлік сияқты бойына жарасып тұратын.
Ел де екеумізді әбден еркелетіп бақты. Топтың, халықтың ортасында болдық. Одан кейін аз уақытқа екі тарам жолға түсіп кеткендей болдық. Қазір енді алып-ұшпа сезімнің жетегінде жүрген бозбала емеспіз, екеуміз де отбасылы, балалы-шағалымыз. Оның да өз әсері болмай тұрмайды. Мен эстрадаға түбегейлі бет бұрдым, Жәкең айтыстың аламанын қыздырып жатты. Бұл да сәл әрдайым бірге жүре алмауымызға себеп болды. Әйтеуір қазір бір-бірімізге тілекшіміз.

Өкпе-реніштің сейілгенін айта келе Төреғали жан досын туған үнімен құттықтады. 

"Сөз қадірі-өз қадірің" атты онлайн тренинг өткізіп жатқанын көріп қуанып қалдым. Оның жайын одан артық білетін кім бар, сәттілік!
Кеше ғана өткен туған күніңмен, “JAX” ,Алла екі дүниеңе амандық, жақсылық берсін. Көңіл баяғыдай. Өзіңмен бір күнде туған күнін тойлаған атұстарың да өзіңнен асып туған азамат болсын! Бар бол, досым!", - деп жазды. 


Жандарбек Бұлғақов: 42 мың теңге үшін жиналған халықтың көптігінен-ақ елдің жағдайын түсінуге болады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр