Жаңбыр жауып, күн күркірейді: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды
"Қазгидромет" мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылдың 28-30 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, елімізде басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысады. Нәтижесінде аталған өңірлерде жаңбыр жауады. 29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр, сондай-ақ бұршақ, желдің күшеюін және ауа температурасының сәл төмендеуі күтіледі.
Ал еліміздің батысында жаңбыр тоқтайды.
Талқылау
Пікір