Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген айыппен қылмыстық топ ұсталды

Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Қаржы мониторингі агенттігі Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруі негізінде полиция департаменті ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, Жаңаөзен қаласында заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Қатысушылар ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз ақша жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған.

“Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар –жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және ақша тәркіленді. Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кірістің көлемі 77 млн теңгеден асты”, – деп мәлімдеді қаржы мониторингті агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу жалғасуда. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Талқылау