Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанат Жақиянов соңғы жекпе-жекте қалай жеңіске жеткенін айтып берді

Бүгін, 15 ақпан күні, WBA Super мен IBO тұжырымдары бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Жанат Жақиянов Астанада арнайы баспасөз мәслиxатын өткізіп, аталған белбеулер үшін өткен соңғы жекпе-жекте жеңіске қалай жеткені жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20170215125414

“Сол жекпе-жекте біздің нақты тактикамыз бен жоспарымыз болды. Алғашқы үш раундта қарсыласты зерттеп алғымыз келді. Алайда ол жоспарымыз іске аспай қалды. Сосын бірден шабуылға көшуге шешім қабылдадық. Оған қоса, қашықтықты сақтап бокстасуға да болмады. Себебі маған қарағанда қарсыласым шапшаң болды. Ол мені алдап түсіретін еді. Сондықтан мен оны барынша тықсырып, қысым жасауға тырыстым. Басқа амалы болмады. Осындай тактикаға көштік. Сөйтіп, біздің жоспарымыз өз нәтижесін берді”, – деді Жақиянов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Ақпанның 11-і өткен жекпе-жекте Жанат Жақиянов WBA Super мен IBO титулдарының иегері, әлем чемпионы Роши Уорренді жеңіп, екі бірдей белбеуді тартып алды.

Бірінші раундта Уоррен қазақстандық былғары қолғап шеберін 2 мәрте нокдаунға жіберді. 2-раундтан бастап Жақиянов ширақ қимылдай бастады. 12 раундық кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер Жанат Жақияновқа басымдық беріп, жеңімпаз деп тапты.

Жіберіп алмаңыз:

Үш дүркін олимпиада чемпионы тұтқынға алынды

Алматылық қыз санына Василий Левиттің суретін салдырды (фото)

Қанат Исламның жекпе-жегін қайдан тамашалауға болады?

Талқылау