Үш дүркін олимпиада чемпионы тұтқынға алынды
Үш дүркін олимпиада чемпионы, әйгілі австралиялық жүзгіш Грант Хэкетт тұтқынға алынды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, чемпион Голд-Косте қаласындағы ата-анасының үйінде тұтқындалған.
Қазіргі таңда оны ұстаудың себептері анықталу үстінде. Қазіргі таңда спортшы полиция басқармасында сұрауға алынуда.
Хэкетт Сидней (2000) және Афины (2004) олимпиадасында еркін стилде жүзу бойынша алтын алды. Сондай-ақ, Сиднейде эстафеталық сында да шашасына шаң жұқтырмаған.
Оның қоржынында олимпиада ойындарының үш күмісі мен бір қоласы да бар. Ол ұзын бассейнде 10 рет, қысқа бассейнде 7 рет әлем чемпионы атанған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"