Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанар Дұғалова: Табыс пен атақтың сүйікті ерімді алмастыра алмайтынын түсіндім

Жанар Дұғалова болашақ отбасы туралы айтып берді. Ол егіз балаларының болғанын қалайды екен. Мұнымен қатар, жыл өткен сайын табыс пен мансаптың сүйіктісін алмастыра алмайтынын түсінгенін сөз етті.

17334125_253636745097044_6869067563020582912_n

Бұл туралы Pandaland.kz журналында жазылды.

– Қазір қандай жобалармен жұмыс істеп жатырсыз?

– Жуырда Америкадан оралдым. Оның алдында көптің талқысына түскен «Ала кетпедің» атты әнге бейнебаян түсірген болатынмын. Менің көрермендерім бейнебаяндағы сүйісіме дайын болмады. Мұнымен қатар, осы жұмысты ұнатқан тыңдармандарымнан түрлі хат алып жатырмын. Режиссерді бейнебаянды сүйіссіз түсіруге көндіруімізге де болатын еді. Десе де, өткен іске өкінудің қажеті жоқ… Кей әйел бейнебаяннан өздерінің отбасылық жағдайларын көргендерін айтып жатады. Ал «Сен емес» әні, тіпті, бір әйелге отбасын сақтап қалуға көмектескен екен.

– Жанар, отбасын құру ойыңызда бар ма? Бұл мақсатыңызға қаншалықы жақынсыз?

– Бұл сұраққа жауап бергім келмейді. Тек жуырда тұрмысқа шықпайтынымды айта аламын. Жыл өткен сайын табыс пен атақтың сүйікті адамыңды алмастыра алмайтынын ұқтым. Әр адам бақытты әртүрлі түсінеді. Бірақ мен үшін жанымда күйеуім мен балаларымның болғаны маңызды. Олар мені әрдайым шабыттандырып отырады деген ниеттемін.

– Қандай ана боламын деп ойлайсыз?

– Жауапкершілігім мен талабым өте жоғары болғандықтан, жақсы ана боламын деген ойдамын. Ең бастысы, мен балаларды қатты жақсы көремін. Бала көріп қалсам, құшақтап, бетінен сүйіп қалу мүмкіндігін жібермеймін. Балаларымды махаббатыммен тұншықтырып қоймауым үшін өзімді қолға алып үйренуім қажет болады. Сіңілім екеуімізді ата-анамыз қатты қорғаштап, жақсы көрді. Осының салдарынан қоғамға сіңісуіміз қиынға соғып жатыр. Бірақ бұл баланы жақсы көрмеудеуден әлдеқайда артық. Мінсіз ана болуым үшін олардың білім алуына жағдай жасайтын боламын. Мұнымен қатар, спорт саласында жүрулеріне де атсалысамын. Ұлымның спорттан әлем чемпионы болуын армандаймын. Екіншісі дәрігер болып, адамдардың жарақатын емдесе екен деймін.

– Айтпақшы, сіз қанша балаңыздың болғанын қалайсыз?

– Баланың көп болғаны жақсы! Екі егіз бала… Біздің әулетте мұндай жағдайлар кездескен. Сол себепті мен де егіз бала тууым мүмкін. Осылайша уақытты үнемдер едім. (Күлді.) Өзім перфекционист болғандықтан, балаларымның табысты болғанын қалаймын. Өзім қалай тәрбиеленсем, балаларымды да дәл солай тәрбиелемекпін.

– Қазір энергияны қалыпқа келтіру мақсатында йогамен, фитнеспен айналысу сәнге айналып барады… Сіз де осылармен айналысасыз ба?

– Шынымды айтсам, менің бұған уақытым жоқ. Оның үстіне йогаға аса жақын емеспін. Десе де, мен энергияны би, жаяу жүру арқылы қалыпқа келтіріп отырамын. Арасында жаттығу залына барамын. Бірақ күнделікті фитнеспен айналысу қолымнан келмейді. Табиғатымнан арықпын. Кешкі сағат жетіден кейін тамақ ішпеуге тырысамын. Тәттілерден бас тартқанмын. Әзірге дене сымбатымды сақтау үшін осылар жеткілікті.


Жіберіп алмаңыз:

Әлемдік басылымда Димаш туралы мақала жарық көрді

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

Димаштың атын пайдаланған алаяқтың кім екені анықталды

Анасы Қытай заңына сай осы күнге дейін Димашқа салынған тыйымдар жайлы айтты

Талқылау