Димаштың атын пайдаланған алаяқтың кім екені анықталды

Сәрсенбі, 19 Сәуір , 2017 18:38

“Айқын” республикалық газетіне өзін Димаш деп таныстырған белгісіз біреу жалған сұхбат берген.

2036582

Осы келеңсіз жағдайға орай басылым бетінде бүгін түсініктеме жарияланды.

“Дүйсенбі күнінен бастап 8 702 *** ** ** нөміріне қоңырау шалған едік. Келесі тарап өзінің Қанат Айтбаев екендігін растап, газетімізге сұхбат беруге келіскен болатын. Алматыда болса, жолығайық дегенімізге “уақыт тығыз, Димаш қатты шаршаңқы” деп жауап берген еді. “Телефон арқылы тілдесіп, сұхбат беруге келістіріп беремін” деді. Осылайша екі күн бойы сөйлесіп, кеше 21:32-де өзге нөмірден қоңырау шалып, сұхбат алуды ұсынып, телефонды Димашқа беремін деді. Біз болсақ, диктофонды қосып, қысқа сұхбат алдық”, — деп жазады басылым.

Ал бүгін таңертең Димаш Құдайбергеннің ата-анасы хабарласып, ол адамның алаяқ екендігін жеткізген. Алаяқтық жасаған адамның кім екендігі де анықталыпты. Екінші нөмірдің де кімдердің атына тіркелгені белгілі болды.

“Газетіміздің 19 сәуір күнгі №57 санында жарияланған “Мақсатым – өнер жолы” атты Димаш Құдайбергеннен алынған сұхбатымыз осылайша жалған болып шықты. Сол үшін әріптестерімізді Құдайбергеновтер әулетінің атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырамыз. Ал Димаштың атын иемденген алаяқтарға шара қолдануды тиісті органдардан сұраймыз”, — делінген түсініктемеде.

Осы оқиғаға қатысты Димаштың анасы Светлана Айтбаева да пікір білдірген. “I am a singer жобасының финалы біткенімен, келісім-шарт уақыты әзір біткен жоқ. Себебі алдағы уақытта, яғни 22 сәуірде гала-концерті өтеді. Содан кейін барып Димаш Қазақстанға оралады. Бүгінде Димаштың атынан фейк-аккаунт ашып, сұхбат беретіндердің көбейіп кеткені бізді қынжылтып отыр. Әлеуметтік желідегі ресми фан-клуб емес, жалған парақшалардың саны кем дегенде елуге жуық. Сондықтан баршаңыздан сақ болуды сұраймын!”, — дейді ол.

Тағы да оқыңыз:

Анасы Қытай заңына сай осы күнге дейін Димашқа салынған тыйымдар жайлы айтты

Димаш ұмытылмас тосын сыйы туралы айтып тыңдармандарын қуантты

Димаш Қытай қалаларын аралап, концерттік кештерге қатысуын бастап кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар