Димаш Қытай қалаларын аралап, концерттік кештерге қатысуын бастап кетті

Сейсенбі, 18 Сәуір , 2017 22:17

3 айға жалғасқан “Мен әншімін” байқауын абыройлы жеңіспен аяқтаған Димаш Құдайбергенов Қытай қалаларын аралап, концерттік кештерге қатысуын бастап кетті, деп хабарлайды КТК.

b54eee685d2ba347f36564d903cbaf78

 

Миллиардтарды талантына табындырған әншінің ендігі жоспары шығармашылыққа негізделетіні анық. Қытайдың дыбыс студиялары да Димашқа жарыса келісімшарт ұсынып жатыр.

Димаш ақтық сында Қытайдың танымал әншісі Лауре Шангпен бірге поп музыка патшасы Майкл Джексонның әндерінен әдемі өрілген попурри орындады. Ерекше шоу, дауыстар үндестігі мен Димаштың орындауындағы сезімге толы шумақтар оны басқа әншілерден өзгешелеп-ақ тұрды. Күллі көрермен демін ішіне тартып, ұлымызға тілекші болып отырды. Нәтижесінде кәсіби музыканттардан құралған көрермендер залының уәжі мынандай. Димаш Санди Лэмнен 4,27 ұпай қалыс қалды.

Десе де Димаш дара феномен. Небәрі 22 жасында Қытайдың кәсіби шыңдалған артистерімен иық теңестіріп өнер көрсетіп, байқаудың соңына дейін жетуінің өзі үлкен жеңіс. Ал қытайлық баспасөз Димаш Қытай эстрадасы мен мәдениетін өз еліне ішкерілей таныстыруға дәнекер болды, екі ел арасындағы көпірді жалғады деп жазып жатыр.

“Димаш алдағы уақытта Қытайда жиі өнер көрсетеді, әрі үйренгені мен көрген-білгендерін Қазақстан халқына жеткізеді. Әншінің болашағы жарқын боларына сенеміз”, –

“Менің әлі айтарым бар!” дейді ол жеке парақшасында. Ән жарыстан кейін аз ғана уақыт өтсе де, Димаш қажыдым деп қол қусырып отырған жоқ. Бүгін ол Қытай қалаларында концерт беруін бастап кетті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар