Димаш ұмытылмас тосын сыйы туралы айтып тыңдармандарын қуантты

Сәрсенбі, 19 Сәуір , 2017 8:39

Димаш жанкүйерлеріне ұмытылмас тосын сый әзірлеп жатыр.

джзд

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын Димаш Құдайбергенов тыңдармандарымен соңғы жаңалығын бөлісті. Ол Қытайдағы ауқымды шаралардың бірінде өнер көрсетпек. Осыған орай, тікелей эфирде көрсетілетін концертте ән айтады.

«Құрметті менің жанкүйерлерім! The Singer жобасының 22 сәуір күні тікелей эфирде дайындаған тосын сыйы бар сіздерге! Дәл осы күні сіздермен гала концертте кездесемін! Жобаның аяқталғанына уайымдап жүрген жанкүйерлерім үшін бұл тағы бір ұмытылмас күн боларына сенімдімін! Әдемі ән тыңдап, жоба қатысушыларымен тағы бір мәрте жүздесе аласыздар! Кездескенше!» – дейді әнші.

Бұл жаңалық оның тыңдармандарын қуантқаны сөзсіз. Олар өз кезектерінде ыстық ықыластарын білдіріп жатты. «Қазақтың бағына берген Димаштай бұлбұлына Аллаға сансыз шүкір! Аз уақыт ішінде қазақты әлемге жарқ еткіздің. 22 сәуірде әскер қатарындағы ұлымның туған күніне үлкен сый болатын болды», «Қазағымның алтын асықтай ұлысың. Әр қазақ баласы сендей болса, керемет болар еді. Өнеріңнен бөлек сөйлеу мәдениетің, адами қасиетің, тәрбиеңе ризамын. Алла сені мейіріміне бөлесін», «Рахмет! Концертті асыға күтетін боламыз», «Димаш, сен үшін қатты қуанамын. Жарайсың! Екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа үлкен үлес қостың» деп жазады желідегілер.


Жіберіп алмаңыз:

Тұңғышбай Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады (видео)

Алтынай Жорабаева: Қытайлардың Димашқа бас жүлде бермейтінін білгем

Мөлдір Әуелбекова 5 айлық ұлын бейнебаянға түсірді (фото, видео)

Димаш Франция мен Америкаға баратын болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар