Алтынай Жорабаева: Қытайлардың Димашқа бас жүлде бермейтінін білгем

Сейсенбі, 18 Сәуір , 2017 16:04

Қазақ өнерпаздары мен әншінің жанкүйерлері жиналып, «I Am a Singer» жобасының ақтық мәресін тікелей эфирде тамашалап, Димаштың өнеріне қолдау көрсетті.

жорабаева-140217

«Қазақ болғаннан кейін бір екенімізді, «жұмыла көтерген жүк жеңіл», — дейді. Осылай басқа өнерпаздың жетістігіне қуанып жүрсек, біздің өскеніміз», – дейді әнші әрі актер Артур Төлепов НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында.

Димаш ақтық сында Майкл Джексонның әндерінен попурри орындап, байқау нәтижесінде 2-ші орынды қанағат тұтты. Ал, талай халықаралық конкурстарда қанжығасы бос қайтпаған Алтынай Жорабаева, қазақ баласына бас жүлденің бұйырмауын былай түсіндірді.

«Барып, жеңіп қайту өте қиынға түседі. Өйткені, сен мың жерден керемет болып тұрсаң да, ол өзінің елінен шыққан үміткерден ешкімді асырмайды. Менің оған көзім жетті. Біздің Димашымыз бүкіл әлемді таң қалдырған дауысымен, енді аспан асты елінде өткендіктен, олар бізге бере қоймайды ғой», – дейді Алтынай Жорабаева.

Ал, «I Am a Singer 2017» реалити-конкурсының гран-приін 51 жастағы Гонгконктық әнші Сэнди Лэм еншіледі.

«I Am a Singer» егер Қазақстанда болса, біз Гран-при алатын едік. Ол Қытайда болғаннан кейін ғой, 2-ші орын алып тұрғанымыз», – дейді актер Нұрдаулет Шертім.

«Димаш Құдайбергеновты әлемнің танығаны — ең басты жеңіс деп ойлаймын. Сондықтан, бұл үлкен Қазақстан үшін жеңіс», – дейді Дәурен Айдарқұлов.

Әр айналымда өзіндік стилімен елден ерек көрінетін Димаш, соңғы турда қандай шоу ұсына білді? Бұл сұраққа тыңдармандар жауап берді:

«Әр елдің балаларын жинағанда, нәсілі басқа деген сияқты. Оның өзі бір идея деп ойлаймын. Бөлінбейік, бәріміз бірге болайық дегенді білдіреді деп ойлаймын».
«Төрт-бес түрлі аспапты ойнай аламын деп айтқан. Бірақ, барабан ойнай алатынын бірінші рет көріп тұрмын. Өте керемет!»

Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова 5 айлық ұлын бейнебаянға түсірді (фото, видео)

Димаш Франция мен Америкаға баратын болды

“Жаужүрек мың баладағы” Қорлан жеке кинокомпаниясын ашты

БАҚ: Финалда Димаштың микрофоны істемей, даусы бәсеңдеп қалған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап. Деген атам қазақ!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар