Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Финалда Димаштың микрофоны істемей, даусы бәсеңдеп қалған

Қытайда өткен «I am a Singer» байқауының финалында Димаштың микрофоны істемей, даусы бәсеңдеп қалған. Бұл туралы Қытайдың www.hsbaodi.com сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

11112

Желі қолданушыларының пікіріне сүйенсек, әннің соңына қарай Димаштың даусы тіптен бәсеңдеп кеткен. Майкл Джексонның әнін орындау барысында тек Қытай әншісі, Димаштың жұбы Шаң Венженің дауысы қатты естілген.

«Бұдан бөлек, тағы бір қытай әншісі Джаң Бичын әннің ортасына келгенде микрофоннан ақау шығып, дауысы мүлдем естілмей қалды. Одан кейін әнші микрофонды жақындатып айтуға тырысқан. Желі оқырмандарының пікірінше, Джаң Бичын ән айтып жатқан кезде микрофоннан ақау шыққанын сезіп, оны жақындату арқылы өзінің дауысын көтермек болған. Екеуі де айтарлықтай танымал әрі мықты әншілер, сахнада микрофоннан ақау туындағанына қарамастан, олар жақсы өнер көрсете алды. Соңында Димаш екінші орынға ие болып, Джаң Бичын алтыншы орын алды. Бұл айтарлықтай жақсы нәтиже», – деп жазады Қытай сайты.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың ізбасары республикалық ән бәйгесінің бас жүлдесін еншіледі (видео)

HUNAN TV бас директоры Димаштың өнерін өте жоғары бағалады

Айман Мұсақожаева Димашпен бірге Қытай сахнасында өнер көрсетеді

Қытайлық жанкүйерлер Димаштың анасына «мама» деп жүр

Талқылау