HUNAN TV бас директоры Димаштың өнерін өте жоғары бағалады

Жексенбі, 16 Сәуір , 2017 14:10

HUNAN TV  телеарнасының бас директоры Люй Хуанбин  мырза «Singer-2017» байқауының финалын тамашалау үшін Қытайға келген ресми қазақстандық делегацияны қабылдады. Кездесу барысында ол отандасымыздың өнерін өте жоғары бағалады.

17495309_1671382419823128_2020540134310543360_n

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды.

Вице-министр Ақтоты Райымқұловамен әңгімелесу барысында Люй Хуанбин Димаш Құдайбергеновтың өнеріне өте жоғары баға берді. “Біздің байқауда Димаш Құдайбергеновтің сәтті өнер көрсетуі қазақстандық әншілік өнердің жоғары деңгейін көрсетеді. Біз оның дарынына тәнті болдық”, – деді ол.

Димашты қолдау үшін келген қазақстандық делегация құрамында Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Айман Мұсақожаева, “Астана опера” театрының директоры Ғалым Ахмедияров, Асхат Маемиров, Димаштың ата-анасы – Қанат пен Светлана Айбаевтар бар. Делегацияға Қытайдағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев те қосылды.

Еске салсақ, кеше қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «Singer 2017» байқауының финалында екінші орын алды. Финалда Димаш пен қытайлық әнші Шан Вэньцзе Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Erth song, Billie Jean және Dangerous әндерін орындады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық ару Таиландта өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті

Танымал “Lion” тобы Димашқа әлі сатылымға шықпаған ән жинақтарын тарту етті

Сәкен Майғазиев: Біз жақсы жаңалықтарға назар аударғымыз келмейді

Дәурен Айдарқұлов: Құдайға шүкір, Ақботаның жағдайы жақсы

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар