Тұңғышбай Жаманқұлов өз кінәсін толықтай мойындады (видео)

Сейсенбі, 18 Сәуір , 2017 18:45

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сот залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Тұңғышбай Жаманқұловтың, «Қазақфильм» АҚ-на «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлінген қаржыны қалтасына басқаның мойындаған сәті түсірілген видео көрсетілді.

14892618483anib

Фото: brod.kz

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

«Иә, мен кінәмді толығымен мойындаймын. Түсініктеме беріп, тергеудің жүргізілуіне ат салысқым келеді. Бұл шешімді мен өзім қабылдадым, істеген ісіме өкінемін және келтірілген шығынды өтегім келеді»,- деді Жаманқұлов.

Сонымен қатар, Жаманқұлов осыған дейін жалған ақпарат бергенін де мойындады. Яғни мұндай жағдай басына жай түскенің алға тартып, кінәсінің бірден мойындамағанына себеп болғанын айтты. Оған қоса, Жаманқұлов көркемфильмге бөлінген қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған фактілерді де растады.

«Мен Юдинаны (фильмнің атқарушы продюсері) 5-6 млн теңгені маған қолма –қол ақша етіп беруге өтіндім. Оған қандай мақсатта бұл ақшаны алып тұрғаным жайында тіс жармадым, негізінде үйіме жөндеу жұмыстарын жүргізгім келген», -деді Жаманқұлов. Және қаражаттың қандай қосалқы мердігерлік ұйымдар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылғанын білетіні жайында да айтты.

Наталья Юдина, Тұңғышбай Жаманқұловқа 3 млн теңгені қолма-қол ақшаға айнылдырып берген, артынша актер, қаржыны үйінің жөндеу жұмыстарына және құрылыс материалдарына жұмсаған.

«Бірақ маған бұл сомма жетпеді», – дейді Жаманқұлов. – Осылайша мен тағы 2 млн беруін талап еттім. Ол келісті. Қолыма түскен 2 млн 300 мың теңгені де жөндеу жұмыстарына құрттым.

Бейнебаянда баспродюсер шығынды өтеп беруге дайын екенін айтады.

«Кінәмді мойындаймын, өкінемін. Қылмысты қудалауды тоқтатуды өтінемін, 5 млн 200 мың теңгені қайтаруға дайынмын», деді Жаманқұлов. Сондай-ақ, Жаманқұлов тергеу барысында өзіне қандай да бір қысым көрсетілмегенін алға тартты.

«Маған ешкім қысым көрсеткен жоқ, ешкімді айыптамаймын. Бұл шешімді мен өзім қабылдадым»,-деді әртіс. Бұл фактіні сот медициналық сараптама да растап отыр. Яғни, Жаманқұловтың кінәсін қысымсыз мойындап отырғаның айқындайды.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі актер, әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұловқа «Феникс» көркем фильмінің өндірісіне бюджеттен бөлінген 69 млн теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр. Ал картинаның негізгі түсірілім бюджеті 550 млн теңге тең болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы анықтағандай, «Қазақфильм» АҚ фильмнің алдын ала дайындығы мен дайындық кезеңдері үшін «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-не 79 млн теңге аударған. Оның 69 млн теңгесі жымқырылған. Қаржы қосалқы мердігерлік ұйымдар арқылы қолма-қол Тұңғышбай Жаманқұловқа берілген.

Естеріңізде болса, Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жымқырды деген айыппен ұсталған болатын. Актер өз кінәсін толықтай мойындап, кеткен шығынды өтеуге уәде еткен. Осының алдында ол президентке видео үндеу жолдап, араша түсуін сұраған еді. Жаманқұлов ақша жымқыру дерегін және оның өз жеке басына жұмсалғанын мойындаған. Сондай-ақ, ол өзін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш те түсірген. Одан кейін танымал актер ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді.

Оқи отырыңыз:

Алтынай Жорабаева: Қытайлардың Димашқа бас жүлде бермейтінін білгем

Мөлдір Әуелбекова 5 айлық ұлын бейнебаянға түсірді (фото, видео)

Димаш Франция мен Америкаға баратын болды

“Жаужүрек мың баладағы” Қорлан жеке кинокомпаниясын ашты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар