Тұңғышбай Жаманқұлов ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді

Сәрсенбі, 16 Қараша , 2016 12:03

Танымал қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұрланды делінген 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді.

943752-(1)

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

“Феникс” фильміне бөлініп, жымқырылды делінген ақшаны актердің қайтарып бергені туралы коррупцияға қарсы күрес және мемлекетті қызмет істері агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етіпті.

Бұдан бұрын Жаманқұловтың жартылай өтемақы төлегені айтылған еді, актердің тұлғасы, жасы мен мүлкін кепілге бергені ескеріліп, оған қатысты «кепіл» бұлтартпау шарасы таңдалынған.

“Бүгінгі күнге алты миллион теңгені қайтарды. Ол “Қазақфильм” алдындағы барлық қарызды қайтаратынын айтып, сол міндеттемені өз мойнына алды”, – деді Қожамжаров парламенттің төменгі палатасының пленарлық отырысында.

Еске сала кетсек, Тұңғышбай Жаманқұлов “Феникс” фильмін түсіруге бөлінген қаражаттың 69 миллион теңгесін жымқырды деген күдікпен 2 қараша күні ұсталған болатын. Актер өз кінәсін толықтай мойындап, кеткен шығынды өтеуге уәде еткен. Осының алдында ол президентке видео үндеу жолдап, араша түсуін сұраған еді. Жаманқұлов ақша жымқыру дерегін және оның өз жеке басына жұмсалғанын мойындаған. Сондай-ақ, ол өзін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш те түсірген. Актердің өтініші ол шығынды толықтай өтеп біткеннен кейін қарастырылады.

Оқи отырыңыз:

Көкшетауда екі аспаз асханада тұрып марихуана сатумен айналысқан

Келешек мамандықтары: жұмыссыз қалмас үшін қандай мамандық таңдау керек?

Құран оқитын қалам: сандық технологиялардың құлшылық атқаруда көмегі қандай

Күйеуі әйелінің көзіне шөп салғанын квадрокоптердің көмегімен біліп қойған (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
24 күні 20 сағат кері

Алганы шын болган гой уят болган екен

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар