Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құран оқитын қалам: сандық технологиялардың құлшылық атқаруда көмегі қандай

Бүгінде бір-біріне жанаспайтындай, жанасқанымен, адам миына сыйғысыз көрінетін дүниелер үйлесім табуда. Айталық, мың жылдық тарихы бар діндер  мен заманауи технологиялар үйлесуінің өзі қызық-ақ. Бұл ретте мұсылман және христиан діні өкілдеріне құлшылық атқарудағы жеңілдіктерді қарастыратын құрылғыларды ұсынамыз.

2395de49649494786e94209937d5e297__980x

Ата дініміз ислам жолын ұстанған жандарға арналған құрылғылар әр алуан әрі дүние жүзінде кеңінен таралған. Қытайлық Emac компаниясы мұсылмандарға арналған сандық техникаларды жасап шығаруға маманданған. Олар плеер, нетбук, ұялы телефон, электронды кітап, тіпті Құран оқитын қаламға дейін шығарады. Әр құрылғыға аудиокітап немесе мәтін түрінде қасиетті Құран кітабы жүктелген.

Мұсылман қауымы арасында, әсіресе, Құран Кәрімді оқуға арналған ерекше қалам кең танымалдыққа, сұрансықа ие екен. Құрылғыны жасап шығарған мамандар сипаттамасына Quran ReadPen PQ15 қаламының Құран оқуда, жаттауда таптырмас көмекші екенін жазады. Quran ReadPen PQ15 қаламының ұшын кітаптағы қалаған жолыңызға тигізсеңіз болғаны, мәтінін Құран оқушылардың бірінің (18 қаридың бірін таңдауға болады) дауысымен оқи алады.

Қаламды сүрелер мен аяттарға жақындатып, оларды танымал қарилардың дауысымен оқылуын тыңдауға болады. Мұнда түрлі тілдерге де аударып оқып береді. Олардың қатарында қазақ, орыс тілдері де бар. Қалам Құранның жекелеген сөздерін, аяттарын, сүрелерін, тұтас біттің өзін оқи алады. Сонымен қатар оқылуының да әр алуан тәртібі қарастырылған: тек араб тіліндегі түпнұсқасын оқу, түпнұсқасын және таңдалған тілдегі мағыналық тәржімесін оқу, тек тәржімесін оқу. Қалам көмегімен араб тілін, намаз оқуды үйреніп, күнделікті өмірде қажет дұғаларды оқып, жаттауға болады. Құрылғы жиынтығына сапалы қағазға басылған Құран кітап пен әдемі қаптамасы кіреді.

ruchka-koran-model-qm9000

Мұсылмандарға арналған ұялы телефондар да көпшіліктің қызығушылын тудырады. 2011 жылы компания Enmac MQ710 телефонын шығарды. Телефон жадына Құранның араб тілінен 29 тілге аударылған тәржімесі, Құран аудиокітабы мен хадистер жинағы жүктелген.  Телефонның дәстүрлі қызметтерінен бөлек, Enmac MQ710 телефоны мұсылман қауымына пайдасы мол қосымшаларды ұсынады. Мысалы, Zakat Calculator бағдарламасы зекет мөлшерін есептеуге көмектеседі. Ал Zakat Calculator бағдарламасы құбыла бағытын анықтау мүмкіндігіне ие.

Hajj Guide бағдарламасында қажылықты дұрыс атқаруға арналған нұсқаулық енгізілген. Tasbeeh Counter бағдарламасы таспиқты алмастырады. Оған қоса намаз уақыты кіргенде, телефон автоматты түрде дыбыссыз режимді іске қосады. Құрылғы 2,8 дюймдік сенсорлық экранмен, камера, FM-радиомен жабдықталған және 2 SIM-картамен жұмыс істейді. Enmac MQ710 бағасы –125-160 АҚШ доллары аралығында. Ерекше телефонға Ресей аумағында қызығушылық танытқандар саны аз емес. Бірақ жеткізілумен қиындықтарға байланысты барлығына бірдей қолжетімді болмады.

pic006

2015 жылдың қаңтар айында ресейлік бренд саналатын BQ компаниясының телефондары сатылымға түсті. Арнайы мұсылмандар үшін жасап шығарылған BQ Istanbul телефондары ислам діні үшін дәстүрлі есебіндегі жасыл, алқызыл және қара сынды үш түсте ұсынылады. Ал сырты шығыс стиліндегі алтын өрнектермен безелген. Құрылғы жадына Құран кітабының араб  тіліндегі түпнұсқасы және орыс тіліндегі танымал 4 тәржімесі орнатылған. Мәзірі қажетті мәтінді таңдау арқылы Құран сүрелерін жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек телефонға «намазға оятқыш» бағдарламасы орнатылған. Ол дыбыстық сигнал арқылы намаз уақыты кіргенін есіңізге салады. Орнатылған навигатор құбыла мен қасиетті Мекке қаласының бағытын анықтау үшін, телефон иесінің географиялық орналасқан жерін анықтауға себін тигізеді. Бағасының төмендігі себепті құрылғы көпшілікке қолжетімді. Құны – 1,9 мың рубль.

sotovijtelefonbqm2404istanbul_746548_58

Көбіне аға буын өкілдері қызығушылығын тудыратын телефоннан кейін, құрылғыны жасап шығарушылар таяу күндері Ғаламторға қосылу қарастырылған смартфон ұсынбақ ниетте.

Biblezon — Android 7 негізіндегі католиктерге арналған планшет. Оны Рим папасының өзі қолданады. 2014 жылдың басында шығарылған құрылғы діндар католиктердің дінмен өмір сүруі үшін барлық жағдай жасауға арналған. Планшеттің Ғаламтор мен әлеуметтік желілерге қосылу мүмкіндігі әдейі қарастырылмаған. Оның көмегімен электронды хат жолдау не алу мүмкін емес. Мұның барлығы хабарламалардың планшет иесін мазаламасы үшін және дінін берік ұстану мүмкіндігін беру мақсатында жасалған.

382566

Құрылғының басты ерекшелігі – қосымшаларының тек католик дінімен байланыстылығы. Олардың саны да көп және әр түрлі. Қосымшаларды арнайы App Biblezon қолданбалар дүкенінен жүктеуге болады. Biblezon өзіндік қосымшалар қатарын жасаған-ды. Жасап шығарушылардың сөзінше, олардың саны 50-ден астам. Бұл қатарда «күнделікті оқу», «тәубе», «Құдай мейірімі», «тәспиқ бойынша дұғалар оқу», «Тәурат» және тағы басқа қосымшалар бар.

Планшет 2 нұсқада шығарылған: бірі ересектер (13 жастан жоғары) үшін шығарылса, екіншісі балаларға (5-12 жас аралығы) арналған. Ересектерге арналған планшет құны – 119 АҚШ доллары, ал балаларға арналған нұсқасының құны 129 АҚШ долларын құрайды. App Store қолданабалар дүкенінде құрылғының әр нұсқасының өзіндік қосымшалары бар. Әзірге планшетті тек ағылшын тілін білетін католиктер ғана қолдана алады.

Biblezon компаниясымен салыстырғанда, Гавай аралдарында тіркелген In-Touch Tablets компаниясы жасап шығаратын өнімдер тек діни құрылғылармен шектелмейді. Олар ұсынған құрылғылар қатарында Тәуратқа арналған планшеттен бөлек, балалар мен егде жастағы адамдарға арналған планшеттер бар. Тәуратқа арналған планшет 4 ядролық процессор, 1 Гб жедел жады, 16 Гб ішкі жады, 0,3 және 2 мегапиксельді екі камерамен жабдықталған. Алайда компания сайтында құрылғы христиан дінінің негізгі кітабын оқып, жаттауға арналған таптырмас көмекші ретінде көрсетілген.

«Шіркеуде талқыланып жатқан Тәурат жолдарын қай-қайсымыз табуға тырысқанымызбен, кітап бетін ақтарып, енді тапқан кезде пастор келесі жолдарды түсіндіруге көшеді. Тәуратқа арналған планшет көмегімен саусағыңызды экранға 3 рет тигізіп-ақ кез-келген жолды таба аласыз. Кітап, тарау, өлең. Мәтінін жазудың да қажеті жоқ», – деп жарнамалайды құрылғы жасап шығарушылар.

7edfd7974b1e2d35dd7eb7467e2dc6ae__980x

Аталған құрылғыны жасап шығарған мамандар планшеттің оқу топтарында қолдануға ыңғайлы екенін айтады. Тәурат баптауларында қаріп көлемін өзгертуге, қараңғыда оқу фонын қосуға болады,

«Ал үйге келгеніңізде көзіңіз шаршаса, планшеттің Тәуратты дауыстап оқуына қалай қарайсыз? Құрылғы – оған да қабілетті. Оған қоса қайыр жинау үшін де жарамды. Біз сіздердің жастардан құралған топтарыңызды қаржы жинауға арналған тамаша ойлармен шабыттандырып, қауымдарыңызды жаңартуға, жаңа мүшелер тауып, ішкі істеріңізді ұйымдастыруға көмектесеміз», – дейді құрылғы жасап шығарушы мамандар.

Планшет бағасы 199,95 АҚШ долларын құрайды.

 

 

Талқылау