Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

Димашты қазақстандықтар алдағы уақытта тек ғаламтордан, онлайн режимде ғана көре алуы мүмкін. Өйткені, “Димаш әлемдегі ең мықты продюсерлік орталықтардың бірімен сегіз жылға келісімшартқа отырмақшы екен” деген де ақпарат тарап жатыр. Ал, әншінің өзі Қытайдың танымал  сайтына берген соңғы сұхбатында, жақын күндері “Қазақстандықтарға жеткізер жақсы жаңалығым бар” деді.

димаш димаш

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Бұл байқау қорытындысы шыққаннан кейінгі өткен шара! Келісімшарт бойынша, Димашқа жоба жайында өзге ақпарат құралдарына сұхбат беруге тыйым салынғандықтан, жерлесіміздің байқаудан алған әсері мен сәлемін  ұялы телефонның камерасына түсіріп алып, жеткізуге тура келді.

«Димаш байқау туралы өзіңнің ойыңды естігіміз келіп отыр. Қандай сезімдесің?» деген тілші сауалына Димаш: «Осындай, әлемдік денгейдегі әнші әпке ағаларыммен бір сахнаға шығып өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе», – деп жауап берді.

Димаш осы шоу арқылы қазақ өнерін әлемге танытты. Миллиондаған жанкүйер жинады. Ең бастысы, мен сияқты жастарға жағдай жасаған Елбасыға ризамын деп аяқтады сөзін.

«Әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетуімізге ерекше мүмкіндік берген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен рахмет айтқым келеді», – дейді Димаш.

Артынша “31 арнаның” делегациясы  «Мен әншімін» дүбірлі додасы арқылы Димашты күллі әлемге танымал еткен  “Хунань тв” басшылығымен кездесті.  Алдағы уақытта екі телеарнаның  бірлесіп жасаған жаңа халықаралық жобалары эфирге жол тартуы әбден мүмкін.

«Ең біріншісі, ол, әрине, бірге қосылып жоба жасау. Димаштың атын одан ары жер жүзіне тарату», – дейді “31 арнаның” бас директоры Бағдат Қожахметов.

«Екі ел арасындағы мәдениет, достастығымыздың арқасында Димаш танымал болды. Бұдан да үлкен жобаларды  сіздердің телеарналарыңызбен бірлесіп жасауға біз дайынбыз», – дейді “Хунань тв” бас бақылаушысы Ли Хау Ху.

Ендігі мәселе – Димаш Қытайда қала ма, әлде мұхиттың ар жағына кете ме? “8 жылға келісімшартқа отырмақшы екен” деген сыбыс қазір  ел ішінде желдей есіп жүр.  Дегенмен, әнші таңдауын жасап қойған сияқты. Ол жаңалықты жақында естисіздер.

«Жақсы жаңалықтармен қуантамын шыдаңыздар», – дейді Димаш.

Талай додада топ жарғанымен, шынайы бағасын сыртта алған Димаштың Қазақстанға  ертең қайта қоймайтыны анық. Небәрі үш айда әлемдік сахнаны бағындырған әншінің күнтізбесінде бос күн жоқ қазір.

«Әрине Қытай халқы маған осындай үлкен көрермендер аудиториясын жинап бергеннен кейін, мен міндетті түрде жұмысымды қытай елінде де жалғастыратын боламын», – дейді Димаш Құдайберген.

Димаш қазақ әнінің даңқын шетелде асқақтатты. Димаш миллиардттаған көрерменнің жүрегін жаулады. Димаш-феномен! Димаш-чемпион!

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың атын пайдаланған алаяқтың кім екені анықталды

Анасы Қытай заңына сай осы күнге дейін Димашқа салынған тыйымдар жайлы айтты

Димаш ұмытылмас тосын сыйы туралы айтып тыңдармандарын қуантты

Димаш Қытай қалаларын аралап, концерттік кештерге қатысуын бастап кетті

Алтынай Жорабаева: Қытайлардың Димашқа бас жүлде бермейтінін білгем

Талқылау