Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңаөзенде балалар ауруханасының қызметкерлері 37 млн теңге жымқырған

Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасының екі қызметкері 37 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Мансабын жеке мүдделері үшін пайдаланып, қаражат жымқырған балалар ауруханасының қызметкерлері анықталды. Олар мемелекеттік шоттың орнаны төлем жасау үшін жеке шотын берген. Осылайша келушілер біраз уақыт бойы қаражатты қызметкерлердің өзіне аударып отырған.

"Бұл қызметкерлер Интернет-банкингтің көмегімен негізсіз төлем жасаған. Әрі қарай олар бюджеттік қаражатты жеке банк шоттарына аударған", - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда бұл іспен прокуратура айналысуда.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс арнайы прокуратураның өндірісінде жатыр. Бүгінгі таңда мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді", - деп толықтырды облыстық прокуратура.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 08 Маусым, 2020 20:12
Талқылау