Жаңа жылдан бастап теміржол билеттері қымбаттайды
2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап теміржол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің айтуынша, бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және бағыттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр.
Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі. Ал 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.
“Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты. Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды. Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% —ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады”, — деп жазылған хабарламада.
Алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деген сенімде министрліктегілер.
Тағы оқыңыз:
“Ақылды бол!”: Apple басшысы астаналыққа MacBook сыйлады
2018 жылы теңге бағамы қандай болмақ?
«Қазком» банк менеджері клиенттердің ақшасын ұрлап, шетелде оқитын бауырына жіберіп отырған
Лондон соты зейнетақы қорына қарыз Мақсат Әріптің элиталы үйін тәркіледі

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
