Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жыл түні жедел жәрдем қызметіне 27 мың қоңырау түскен

Жаңа жыл қарсаңында елімізде жедел медициналық жәрдем қызметіне соңғы 24 сағатта 27 мың қоңырау түскен. Оның ішінде 17 мыңнан астам шақырту 1-3 санат бойынша болса, 4-санат бойынша жедел жәрдем бригадалары 10 мыңнан астам рет әрекет етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ең көп шақыртулар Алматы облысында – 3073, одан кейін Алматы қаласында – 2800, Түркістанда – 2358 және Астанада жылдың соңғы күні жедел жәрдем 1942 шақыртуға жауап берді.

2024 жылдың 11 айында Қазақстандағы жедел медициналық жәрдем бригадалары 7,7 миллионнан астам шақыртуларды қабылдады, оның ішінде 4,9 миллионы 1-3 санаттағы шақырулар және 2,8 миллионы 4 санаттағы емханалар бригадаларымен өңделген.

Өткен жылмен салыстырғанда шақырулардың көбейгеніне қарамастан, табысты реанимацияның негізгі көрсеткіші 7,1% өсті.

Жедел медициналық көмек мемлекет кепілдік берген медициналық көмек шеңберінде көрсетіледі, азаматтар үшін тегін және аптасына жеті күн тәулік бойы қолжетімді.

Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем қызметі республика бойынша 20 дербес станция, 98 қалалық қосалқы станция және 232 аудандық бөлімшелермен ұсынылған.

Облыстық және қалалық жедел жәрдем станцияларында бір ауысымда 1491 мобильді бригада жұмыс істейді; алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында (емханалар) 4 санатты жедел жәрдем шақыруларына қызмет көрсету үшін 446 бригада жұмыс істейді.

Талқылау