Жаңа визалық ережеден кейін қазақстандық Египеттегі әкесімен көрісе алмады

Фото: gov.kz
Блогер Ахмад Хельми Қазақстан азаматтарына арналған Мысырға кіру ережелерінің өзгеруіне байланысты алты жыл бойы көрмеген әкесімен кездесе алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ахмад Сауд Арабиясынан Египетке ұшпақ болған. Алайда ол Қазақстан азаматтарына жаңа виза талаптары енгізілгенін тек тіркеу кезінде білген.
“Мысырға ұшпақ болып деп тіркеуге келдім. Маған “Білесіз бе, бүгіннен бастап Қазақстан азаматтарына жаңа заң күшіне енді. 1 қазаннан бастап Мысырға бару үшін алдын ала виза алу қажет” деді. Сол себепті мен ұшаққа отыра алмадым, рейсім күйіп кетті. Достар, кім Мысырға баруды жоспарлап жүрсе, міндетті түрде осыны ескеріңіздер”, — деді ол Instagram парақшасында.
Фото: Видеодан скрин
Жаңа ережеге байланысты блогер Егиетке кіру үшін визасын күтіп, Сауд Арабиясында бір ай тұруға мәжбүр болған. Тек содан кейін ғана ол Мысырға барып, алты жыл бойы көрмеген әкесімен кездескен.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген