"Жан-жарасы жазылған жоқ": Зарина Омарова ата-анасының ажырасқанына әлі күнге дейін өкінетінін жасырмады
Танымал әнші Зарина Омарова ата-анасының ажырасу себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында қонақ болып, балалық шағынан сыр шертті.
“Ата-анам өте керемет жандар болғанын ел біледі. Әкем – халықтың адамы болды. Анам – соның қолдаушысы еді. “Аяулы жыр әнімсің, сен – менің сыңарымсың” әні анама арналған. Әкемнің ел аузындағы керемет әндерінің бәрінің себепкері – анам. Сондай берекелі отбасында дүниеге келдім. Бірақ әлі күнге дейін ата-анамның екі жаққа кетуінің жарасы толық жазылған жоқ. Мен 3-сынып оқитын кезде 8 жастамын. Сол кезде екі жаққа кетті. Әкемді ешқашан кінәлаған емеспін. Оған тіпті шаң жуытпаймыз. Анам соған аздап ренжиді. Бала күнімде үйден қонақ арылмайтын. Анамның қолынан Әлібек Дінішев, Бибігүл Төлегенова, марқұм Құдайберген Сұлтанбаев шай ішкен. Мен сол кісілерді кішкентай күнімнен көріп өстім. Әкем Жастар сыйлығын алды. Сол тұста төрт бөлмелі пәтер сыйлады. Сол жаққа көштік. Үйіміз кең болғасын, қонақ тіпті көп келетін болды”, – деп бала кезін есіне алды әнші.
-
"Қазір тіпті қатты қызғанады": Зарина Омарова күйеуінің мінезі туралы ашық айтты
-
"Бір күнде алты тойға бардым": Зарина Омарова 18 жасындағы тапқан табысын есіне алды
Өнер иесінің сөзінше, өзі кішкентайынан әкесіз өскендіктен, балаларын әкесіз өсірмеуге күш салған.
“Менің жолдасымның мінезі қиын ғой. Бірақ мен шыдаймын деп серт берген адаммын. Өйткені балаларымның әкесіз өскенін қаламадым. Балаларымның жүректерінде дақ қалмауын тіледім. Бүгінде мен орта жасқа келіп, ана болсам да, ата-анамның екі жаққа кеткені жанымды ауыртады. Сондықтан барлығына шыдаймын, шыдап та келе жатырмын”, – деді Зарина.
Еске салайық, өнер иесі ата-анасының ажырасуына әжесін кінәлағанын жазған едік.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?